QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Тәуелсіздік тұғырым

ByQAA.kz

Жел 14, 2020

Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз-Қазақстан!

Қазақстан тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік қазақ бабам не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та,сұм соғысты өтті. Әсіресе ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалады.

Тәуелсіз-ұлттың, тілдің, дәстүрдің, салт сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы.

1991 жылы-еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 30 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктіерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы–қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан –тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіл әлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.

Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанныңда септігі аз болған жоқ. Студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егенмендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын. Қазіргі таңда Тәуелсіздік-барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі-ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, эканомикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отан сүйгіштікті, ұлтына деген махаббаты жолғатпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатның нәтижесі.

Ел болашағы-жастардың қолында. Болашақ бізден басталмақ. Аға буын өкілдері бізге зор сенім артып отыр. Біздің алдағы мақсатымыз-көсегімізді көгертіп, тәуелсіздік жалауын жалтаң өмірдің атжал айдынында асқақ биікке көтеріп, айбынымызды жаһанға таныту. Мемлекеттің аман-есен дамуына тыныштықтан артық, азаттықтан артық ештеңе керек емес. Ендеше адамдар мен қоғамның, мемлекеттер мен халықтардың өз еркі өзіндегі тәуелсіздігі-ешкім тіл тигізе алмас қасиетті ұғым. Қазіргі адамзаттың ең басты мұраты, ең асыл қасиеті. Мұхтар Шаханов адамды әрқашан демеп, жебеп жүретін құдіретті төрт ана болу керек дейді. Олар:туған жері, туған тілі, салт-дәстүрі, тарихы. Туған жерің-түп қазығың, айбының. Ал тіл үздік болған жерде нәтиже де болады. Ана тіліміздің осындай көркемдік қасиеті мен тұңғиық тереңдігін жас ұрпақтың танып-біліп, сезінуі тиіс. Қазақстан –қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбітте шуақты күндері бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу-біздің буынның айқын бағыты болуы тиіс.

Қасиетті Қазақстан, киелі қазақ жері гүлдену, құлпыру үстінде. Оның бүгіні де, ертеңі де жарқын әрі жасампаз. Дана халқымыз: «Ұлтарақтай болса да, атамекен жер қымбат, ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат» ,-деген. Иә ата-бабамыз ғасырлар бойы арман еткен тәуелсіздік бізге құт боп кіріп, көкжиегімізді кеңейтіп, іргемізді бекітті. Тарихымыз болса, терең дастан, құшағын бәріне ашқан, ауыз біршілігі мол, Еуразияның жүрегі, дархан даласы, кең пейілі бар қазақ деген халықпыз. Егемендігіміз бар, елдігіміз бар. Тәуелсіздік бәрінен қымбат, бәрінен ұлы. Біз тәуелсіздігімізді қастерлейміз, егемендігімізді құрметтейміз.

Ә.Жылкелді.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының аға  сот приставы

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған