QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Тәуелсіздік құрдастарымен кездесті

ByQAA.kz

Жел 7, 2020

«Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов бүгін тәуелсіздік құрдастарымен кездесті. «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атауымен өткізілген жиында ел тәуелсіздігінің құндылығы жайында әңгіме болды.
Тарих қойнауына шегініс жасасақ, 1991 жылғы 16 желтоқсанда еліміздің тәуелсіздігі жарияланған болатын. Егемендігіміздің арқасында елімізде жастар тарапына қатысты түрлі мәселелер шешім тауып, қолдаулар көрсетілуде. Сондай-ақ, ауқымды жобалар жүзеге асуда.


Аталған жиында Шәріп Әбдірахманов осы бағыттағы жұмыстарды жеткізіп, әрбір тұлға ел егемендігінің маңызын түсіну керектігін айтты. Осы тұрғыдан тәуелсіздігіміздің мәнді және мәңгі болуы жолында жастарымызға артылар сенім мен үміт басым екенін де тілге тиек етті.


Жиында төбе көрсеткен әр салада қызмет жасайтын тәуелсіздіктің төл құрдастары болса өз тараптарынан түрлі бағыттағы ұсыныстарын жеткізіп, пікірлерін алға тартты. Олар сөз арасында еліміз тәуелсіздігін жариялаған жылда дүниеге келгендерін де мақтаныш екенін жеткізіп, ел болашағының баянды болуы жолында аянбайтындарын айтты.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған