QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ БОЛСА…

Автор:QAA.kz

Окт 29, 2020

Сыр бойылықтар биылғы жылдың өзіне тән қиындықтарына қарамастан егілген егіннің әр гектарына орташа есеппен 61,8 центнерден өнім алып, ел қамбасына 551 мың тоннадан астам Сыр маржанын құйып, кезекті рекордтық көрсеткішті жаңартқанын жалпақ елге жариялап жатырмыз. Әрине, бұл көктемнен бергі диханның, малшының, өндірісшінің маңдай терінің жемісі. Қай кезде де күз мезгілі еңбек нәтижесін қорытындылар кезең. Қазан айының соңғы онкүндігінде биылғы үздік аудан, озат еңбекші белгілі болды. Сонымен биылғы жылдың үздік ауданы Жалағаш ауданы. Аудан әкімі Шәменов Асылбек. Егін шаруашылығы бойынша ауданның озаты – Қармақшы. Аудан әкімі Қалдарбеков Мұса. Мал шаруашылығы бойынша алға шыққаны – Жаңақорған ауданы. Аудан әкімі Рүстемов Руслан. Егінді өсіргеннен бөлек өнімді өңдеуде озат болып тұрғаны – Қазалы ауданы. Аудан әкімі Ергешбаев Мұрат.

Биылғы жылғы егін еккен шаруашылықтар арасында озат болып бірінші орынға шыққаны Қармақшы ауданындағы “Жаңажол” ЖШС, басшысы Төлепов Оранбасар, екінші орынға шыққаны – Жалағаш ауданындағы “Ер-Әлі”, басшысы Бекжанов Әліби, үшінші орынға шыққаны Шиелі ауданының “Ақмая” шаруа қожалығы, басшысы Жұмабеков Дәулет. Озат өңдеу кәсіпорны – Қызылорда қаласындағы “Абзал и К” ЖШС, басшысы Ерәлиев Мағжан.

Озат егіс бригадирі Сырдария ауданынан “Қызылдихан” шаруа қожалығының бригадирі Айтбаев Кенже, озат күрiш өсiрушi Қармақшы ауданының “Ақтөбе и К” ЖШС күрішшісі Қайырқұлов Басқынбай, озат комбайншы Жалағаш ауданының “Таң ЛТД” ЖШС комбайншысы Табынбаев Талғат, озат жатка машинисі Қармақшы ауданындағы “Достық жер” ЖШС-нің жаткисі Арифов Закария, озат сушы Қармақшы ауданындағы “Қазсушар” РМК Қызылорда филиалынан Ұзақов Шоқан, озат агроном Сырдария ауданындағы “Ақжарма и К” ФҚ агрономы Ысқақов Ғанибек, озат жоңышқа өсіруші Жаңақорған ауданындағы “Нұрсейіт” шаруа қожалығынан Сәрсенбаев Нұрсейт, озат картоп, көкөніс, бақша өсіруші Шиелі ауданының “Мақсат” шаруа қожалығынан Ташматов Бауыржан, озат бидай өсіруші Жаңақорған ауданындағы “Дархан Е” шаруа қожалығынан Тұрсынханов Ерлан, озат мақсары өсіруші Қазалы ауданынан “Сыр маржаны” ЖШС-нан Жанбалаев Берікжан.

Асыл тұқымды мал өсіретін үздік репродуктор шаруашылық болып Арал ауданындағы Алпысбаев Ықылас басқаратын “Ықылас” шаруа қожалығы танылған. Шиелі ауданындағы Ермаханов Сабыр Дүйсенбекұлы басқаратын “Шиелі төрт түлігі” озат ауыл шаруашылығы кооперативі деп танылған. Озат бақташы Арал ауданынан “Қуаныш” шаруа қожалығының бақташысы Бердімағамбетов Батырхан. Озат шопан Жаңақорған ауданындағы “Бекарыс – С” шаруа қожалығынан Жүнісов Азамат. Озат жылқышы Қазалы ауданындағы “Шекер” шаруа қожалығынан Арықбаев Ермек. Озат түйекеш Қазалы ауданындағы “Жеңіс” шаруа қожалығынан Серимов Есет. Озат ветеринар Қызылорда қаласындағы ветеринарлық пункт меңгерушісі Қалымбетов Темірбай.

Биылғы жылдың егінін егіп — жинауда, мал басын көбейтіп, аман сақтауда еселі еңбек еткендердің мерейі үстем бола берсін!

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *