2021 ж. Сәуір 14

Тұрғындарға ыңғайлы болсын деп..

Орталық алаңдағы Жахаев көшесінің бойында “Nur Otan” партиясының Қызылорда қалалық филиалының жаңа ғимараты ашылды. Осы күнге дейін елдің жатқа білер жері сарқыраманың бойындағы көпқабатты тұрғын үйлер ортасында жұмыс жасап келген партияның қалалық филиалының жаңа демі ашылды десек те болады.

Жаңадан салынған ғимаратқа демеушілік көрсетіп, басы-қасында болып, салып берген “Дәнекер” ЖШС.

Ішінде 100 адамға арналған үлкен зал мен тұрғындарды қабылдайтын орын қаралған. Бұрынғы ғимараттта екі адам қатарласа жүру мүмкін емес-ті. Іші де біраз тарлық ететін. Заманға сай орталық салынғандықтан, келуші тұрғындарға да жайлы жер болары анық. Оның үстіне “скелетон” деп аталатын сәнге еліктете отырып салынғандықтан, қалаға ерекшелік беріп те тұрады. Бетінің жылтыр әйнегі ғимарат ішіндегі қызған жұмысты сырттағы кез-келген адамға анық көрсете алады.

Ашылу салтанатына аймақ басшысы Гүлшара Наушақызы мен қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы және елге мәлім қайраткерлер мен ардагерлер қатысты. Әдеттегідей лента қию рәсімі болып, келген жұрт жақсы жаңалықтың куәгері атанды.

Осы қазақ бүлдіршіннің тұсауын кескенде батыр, жолы ашық, абыройлы азамат болсын деп кесуші еді. Бұл ғимараттың да лентасы осындай ізгі тілектермен қиылғаны анық.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған