QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Тұрғын шағымы қандай?

Автор:QAA.kz

Ноя 10, 2020

Жеке мәселелер болғанымен қоғам үшін өзекті саналатын проблемаларды «Nur Otan» партиясы әркез бақылауда ұстайтыны қуантады. Оған түрлі арызшағымдарды ескерусіз қалдырмау бағытында ұйымдастырылатын шаралары дәлел. Егер тұрғын көтерген мәселе сол мезетте шешім тапса көңілге қуаныш ұялататыны тағы бар.

Аталмыш партия қала тұрғындары үшін құқықтық және кәсіби кеңес беру мақсатында онлайн режимде кездесу өткізді. Әлеуметтік желінің тікелей эфирі арқылы тұрғындар қалалық прокуратураның мамандарына қатысты түрлі сауалдарды қоюға мүмкіндік алды. Көтерілген мәселелердің басым көпшілігі жеке сот орындаушыларының жұмысына бағытталды. Сонымен қатар, тұрғындарға заң тұрғысынан кеңестер айтылды.

Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Махмут Алмас:

— Тұрғындар тарапынан түрлі бағыттағы сұрақтар келді. Әрбірі өздері үшін қазіргі таңда өзекті болған мәселелерді ортаға салды. Тиісінше барлығына жауап берілді. Мұндай тікелей эфирлерді жиі ұйымдастыру арқылы қала тұрғындарын толғандырған проблемалардың шешім табу жолын қарастырып, оларға бағыт береміз. Тағы айта кетерлігі, Қызылорда қаласының тұрғындары қандай да бір арыз-шағымдары болса, оның шешім табуы жолында қалалық прокуратураның ғимаратына келулеріне болады.

Қабылдау барысында А есімді қала тұрғыны алимент өндіре алмай жүргенін жеткізді. Тікелей эфир арқылы сала маманы аталған проблема турасында жұмыс орнына келіп толығымен айтса, осы мәселенің шешім табуы үшін қолғабыс ететінін атап өтті.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы ұйымдастырған кезекті кездесулердің бірі прокуратура маманымен өткізілсе, келесіде өзге де сала мамандары қамтылады деп жоспарлануда.

А.ӘЛИАРЫСТАН

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *