QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Тұрғын үй құрылысының сапасына мониторинг жүргізілді

ByQAA.kz

Жел 10, 2020

«Құтты мекен» партиялық жобасы аясында қалалық партия бақылау комиссиясы тұрғын үйлердің құрылысы мен инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымына қатысты мониторинг жұмыстарын жүргізді. Қызылорда қаласының сол жағалауында бой көтеріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің салынудағы сапасы мен талапқа сай жүргізілуін комиссия мүшелері назарға алып, оң бағасын берді.


Айта кетерлігі, бұл жолы партиялық бақылау комиссиясы рейд жұмыстарын «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үйлерге бағыттады. «Техоснастка-Ремсервис» мекемесі жауапты құрылыс нысаны алдағы уақытта аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған