QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Төл теңгенің туған күні

Автор:QAA.kz

Ноя 14, 2020

Ұлттық валюта күні қарсаңында келелі кездесу өтті
Теңгенің айналымға енген күнінен бастап күнтізбеде бұл дата атаулы күндердің бірі ретінде атап өтіледі. Бұл күні төл теңгеміздің қалыптасу сәтінен бастап, бүгінге дейінгі қолданыстағы тарихы сөз болады. Сондай-ақ, әр елдің саяси-экономикалық және жаһандық дәрежесін бейнелейтін валютаның қолданыстағы сипаты туралы да кеңірек айтылады.
Осы бағыттағы маңызды ақпараттар «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен кездесу барысында да айтылды. Бұл жиынға сала өкілдері мен ардагерлер қатысты. Кездесу аясында ұлттық валютада мемлекетттің өркендеуіне үлес қосқан тарихи тұлғалардың бейнесі көрініс тауып, тарихы мен бүгінгі жетістіктерінің бейнеленуі қаншалықты маңызды екені туралы әңгіме болды. Сондай-ақ, тәуелсіз мемлекетіміз үшін ұлттық валютаның айналымға енгенін және төл теңгеміздің тарихы туралы ақпараттар бүгінгі жас ұрпақ арасында кеңірек насихатталуы тиіс деген ұсыныстар да болды.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *