QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Сырдария мен Жаңақорғанда су жаңа әкім

Автор:QAA.kz

Сен 3, 2020

Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Сырдария ауданының  әкімі лауазымына Дүйсенбаев Талғат Тұрсынбайұлы тағайындалды.

Дүйсенбаев Талғат 1973 жылы дүниеге келген. Қызылорда политехникалық институтын “бухгалтер-экономист”, Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық  университетін “заңгер” мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Алғаш еңбек жолын Жалағаш ауданындағы жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастаған.

Артынша 1994-2004 жылдары  Жалағаш аудандық білім бөлімінің есепшісі, Жалағаш ауданы әкім аппаратының экономика және кәсіпкерлікті қолдау  секторының бас маманы болып жалғастырған.

2004-2011 жылдар аралығында  Қызылорда  облысының  экономика және бюджеттік  жоспарлау басқармасының бастығының орынбасары болды.

2011-2017 жылдары – Қызылорда облысының  ауыл шаруашылығы  басқармасының  басшысы, Жалағаш ауданының әкімі ретінде белді қызметер атқарды.

2017 жылдан бері Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін осы күнге дейін атқарып келді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінге дейін Сырдария ауданының  әкімі қызметін Рүстемов Руслан  Рүстемұлы атқарды.

“Қызмет бабындағы қарбалас жұмыспен жүріп өздеріңізбен бірге бір жылдың өте шыққанын аңғармай қалыппын. Біздің қызметіміз – халыққа. Қасиетті дарияны жағалай орналасқан Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарыштай берсін!Сырдария ауданының әкімі қызметіне жаңадан тағайындалған әріптесім Талғат Тұрсынұлына сәттілік тілеймін!”, деді Руслан Рүстемұлы Фейсбуктегі парақшасында.

Ал Руслан Рүстемұлы Жаңақорған ауданының әкімі болып тағайындалды.

Руслан Рүстемов 1968 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін аяқтаған. Еңбек жолын Қызылорда педагогикалық институтының Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған.

1997-2002 жылдары – Қызылорда қаласы әкімінің аппаратында маман, консультант, Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз хатшысы, Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі.

2002-2010 жылдары – Қызылорда облысының мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, Қызылорда облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары.

2010-2019 жылдары Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы, екі мәрте Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасын басқарған, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Жаңақорған ауданының әкімі, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болған. 2019 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін Сырдария ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *