QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Сыр елінде мемлекеттік рәміздер ұлықталды

ByQAA.kz

Мау 5, 2020

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Гимн мемлекеттік Рәміздер болып табылады.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

4 Маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қызылорда қаласы әкімдігі және қаламыздағы белсенді жастардың ұйымдастыруымен кешенді іс-шаралар өткізілді.

Халық көп шоғырланған кәсіпкерлік нысандарында мемлекеттік Гимн шырқалды. «Атты әскери шеру» – Қалалық полиция басқармасымен бірлесе отырып, Н. Назарбаев даңғылынан бастау алған атты әскери шеру мемлекеттік Тумен жүріп өтті. Сонымен қатар, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің танымал түлектерімен кездесу ұйымдастырылып, шара барысында Мемлекеттік Гимн шырқалды.

«Qosyl» жастар ресурстық орталығының мамандарымен волонтер жастар, «Отырар», «Жайна» және «АйтБек» сауда орындары секілді халық көп шоғырланатын аймақтарда, еліміздің бас атрибуттары туралы 500-ге жуық ақпараттық таратпа материалдар дайындап, тұрғындарға үйлестірді.

Қаламыздың өнерпаз жастары, мемлекетіміздің салтанатты әні – Гимнды тұрғын үй аулаларында әр түрлі аспаптарда сүйемелдеп, тұрғындарды гимн шырқауға шақырды.

Сонымен қатар, жастардың отансүйгіштік сезімін оятып, патриотизмге үндеу мақсатында қаламыздың көрнекті жерлерінде көк байрағымыз ілінді. Атап айтар болсақ: «Ер-Ару» тұрғын үй кешені, Н. Назарбаев даңғылының бойындағы жаяу жүргіншілер өткелінде. Қала аумағындағы LED экрандарында рәміздер туралы бейне материалдар көрсетілді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған