2021 ж. Сәуір 14

Cырқат балаларға көп көңіл бөлу қажет

Қазіргі таңда ертеңгі елдің болашағы болар балалардың үздік білім алуы мен денсаулығына бас назар аудару қажет. Бүгінде облыста балалар үшін атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Солардың бірі, облыстық психикалық денсаулық орталығында науқастарға арналған серуен алаңының ашылуы.

Бұл күн қос қуаныштары қатар келген бала­лар үшін шатыққа толы болды. Оны шараға қатысқан балалардың нұр шашқан жүзінен бай­қадық. Иә, дүниеде кімге болса да бала қуаны­­шынан асқан бақыт бар ма? Шарада әрбір бал­ғынды өз балаларындай көріп, қуанса қуа­нып жүрген, екінші ата-анасындай бола білген орта­лық мамандарының да жүзінен қуанышты көрдік.

Мерекеге орайластырылып ем алушылар үшін арнайы пайдалануға салынған серуен алаңының ашылу рәсімін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орын­басары Ақмарал Әлназарова ашып берді. Соны­мен қатар, шараға серуен алаңын ашуда қолқа­быс етіп, қолдау көрсет­кен кәсіпкерлер келіп қатысты.

– Балалар мерекесі құтты бол­сын. Бала­лары­мызға денсаулық, жарқын болашақ тілеймін. Сіздердің ұжымға да үлкен алғыс айтамын. Осы ұжым соңғы 2-3 жылдың ішінде науқас бала­ларымыз үшін көп жұ­мыстар жасауда. Алдағы уақытта атқарып жатқан жұмыс­тарыңыз нәтижелі бол­сын. Облыстық пси­хика­лық орталық бүгінде облыс бойынша қызмет көр­сету сапасы мен төсек-орынмен жаб­дықталуы жағы­нан алда тұр. Жұмыс­та­рыңызға сәт­тілік тілеймін. Әр­дайым биіктен көріне берініңіздер, – деді Ақмарал Әлназарова.

Халықаралық талаптарға сай салын­ған серуен алаңында науқас балалар үшін барлық жағдайлар жасалған. Олар осындай ашық алаңда ойнау арқылы күн терапиясы әдісімен ем алады.

Әсіресе, біздің ауруханадағы сырқат балаларға көп көңіл бөлу қажет. Осы жаққа жұмысқа келгеннен кейінгі басты міндетіміз осы балаларға арнайы замануи үлгіде жаб­дықталған серуен алаңын ашу болды. Оған қол жеті. Осындағы барлық мамандардың арқа­сында жұмысымызды толық аяқтап, балаларға мерекеге орай тосынсый жасауды жоспар­ладық. Алдағы уақытта балалар үшін атқарылар жұмыстар жетерлік. Бұл тек бастамасы, – деді Қызылорда облыстық психи­калық денсаулық орталығының бас дәрігері Әділбай Медетбаев.

Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап облыс­тық наркологиялық орталық пен облыс­тық психикалық денсаулық орталығы бірігіп, жаңа емдеу мекемесі болып қайтадан құрылды. Бүгінде мұнда 300-ге жуық мамандар қызмет етеді.

Емдеу мекемесіндегі сырқат балалар үшін жасалған алаңда кешкі мезгілде тынығуға арналған сәкілер, әткеншектер қойылған.

Айта кету керек, алаңдағы құрылыс жұмыс­тарын орталықтың қызметкерлерінің өздері «бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығарып» жүр­гізген. Мұнда ағаш шеберлері сәкілерді орна­лас­тырса, техникалық қызметкерлер әктеу-сырлау секілді жұмыстарды тиянақтылықпен өз деңгейінде орындаған. Ендігі міндет, серуен алаңының таза ұсталуын қатаң бақылау.

Емделу мекемесіндегі әрбір сәт ондағы сыр­қат балалардың денсаулықтары үшін маңызды.

– Біздің орталықтағы балалар бөлімшесі 35 керуеттік бөлімше. Мұндағы балалардың көпші­лігінің диагноздары «ақыл-ой» кемдігі. Сонымен қатар, ұстама, талма аурулары бар балалардар бар. Қазіргі таңда, көбейіп тұрған аутизим белгі­сімен емделетіндер де бар. Бұл балалар үшін жаса­латын арнайы еміміз бар. Дәрілер және психолог мамандардың емдеу әдістері. Себебі, біраз уақыттан бері ауруханада жатып емделген балалар үшін біздегі психолог мамандардың музыка терапия, үлкен спорт залда спорт тера­пия өтеді. Бұлардың барлығы замануи үлгіде, талаптарға сай жабдықталған, – дейді облыстық психикалық денсаулық орталығының балалар психологы Гүлмира Ақтаева.

Алаңға жиналған балаларға «Smart» би тобының кішкентай бүлдіршіндері өнерлерін паш етті. Сонымен қатар, науқас балалар өздері дайындаған әндерін орындап, флешмобтарын көрсетіп, арнайы сурет тақтайшасына салынған суреттері мен қолөнер бұйымдарын көрмеге қойды. Шараға қатысқан қонақтар мен кәсіп­керлер балалар игілігіне теледидар, салқын­дат­қыш тарту етті. Сондай-ақ балғындар үшін шығар­машылықпен айналысатын түрлі құрал-жабдықтар мен доптар да тарту етілді.

Балалар денсаулықтарын сауықтырып, көңіл-күйлерін көтеруге ұйымдастырылған мере­келік шараның соңы қызықты қойы­лымдармен аяқталды.

Т.БАҒДАТҚЫЗЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған