2021 ж. Сәуір 14

Сыныптағы балалар саны 25 тен аспауы тиіс

Төртінші тоқсаннан бастап өңірдегі жалпы білім беретін мектептердегі барлық сынып оқушылары аралас форматта оқиды. Алайда сыныптағы бала саны 25 адамнан аспауы тиіс. Жаңа қаулыны таныстырған облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова осылай деді.

Контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытылады. Білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беріледі.

– Облыста коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы әлі де тұрақсыз. Сондықтан білім ұйымдарында да сақтық шаралары жоғары деңгейде болуы керек. Себебі соңғы тәуліктің өзінде 13 дерек тіркелді. Қазір өңірде бұл дертті жұқтырғандардың саны 4007-ге жетті. Кейін опық жемес үшін бұл қауіпті вирустың таралуын тоқтатуға барымызды салуымыз қажет. Ал ол үшін қарапайым ғана сақтық шараларын орындау жеткілікті, – деді облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова.

Айта кетейік, оқу санитариялық-дезинфекциялық және маска режимін сақтай отырып жүреді. Жаңа өзгеріс бүгіннен бастап күшіне енді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған