QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Сыбайлас жемқорлық – Ел қасіреті!

ByQAA.kz

Жел 31, 2020

Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманғы дамыған және дамушы мемлекеттердің төрінен орын алып келе жатырған кесел. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері бұл жалпыға мәлім ең алдымен қоғамға қауіптілігімен, құпиялылығымен, экономикаға едәуір әсер етуімен, құқыққа қайшылығымен және басқа да көптеген зиянды зардаптарымен сипатталады.

Қазіргі таңда дамыған мемлекеттердің де өзекті проблемаларының бірі осы сыбайлас жемқорлық болып отыр. Қоғамға, егемен елімізге аса зор қауіп төндіретін мәселеге барша ел болып алаңдап отырғанымыз түсінікті жағдай.

Олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталғаны жөнінде, қоғамның барлық саласына еніп бара жатқан зардаптарын жою және мүдделерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі екендігін айтты. Осындай келеңсіз құбылыстармен үздіксіз күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың ғана емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы деп ұғынған жөн.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Осындай деректердің алдын алу және онымен күресу мақсатында жұмыс жасаудамыз. Яғни, оның жалпы қызметіне қоғам сенімін арттыру, аталмыш сала жұмысының ашықтығы мен оң бейнесін қамтамасыз ету мақсатында қоғаммен кері байланыс орнатылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа бой алдырмау, түптеп келгенде, әркімнің ар-ожданы, ерік-жігеріне де байланысты екенін естен шығармаған жөн.

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қызметтік тергеу бөлімінің басшысы Е.Р.Сулейменов

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған