QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі

ByQAA.kz

Мау 18, 2020

Елбасы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты туралы мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс екендігін, жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес, ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінететіндігін және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналатындығын атап көрсеткен.

Осы орайда, 2015 жылдың қараша айында қабылданған ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында сыбайлас жемқорлық іс-қимыл шаралары айқындалған. Жалпы, Елбасы сыбайлас жемқорлықты болдырмау, онымен барынша күресу тек қана құқық органдарының ғана емес, барлық мемлекеттік органдардың міндеті және бұл бүкіл халықтық іс екендігін атап айтқан болатын.

Бұл тұрғыда, жоғарыда аталған Заңның 22-бабында барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдардың өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүргізуге міндетті екендігі көрсетілсе, 23-бабында жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуы, яғни жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шаралар қолданатындығы, әлеуметтік маңызды іс-шаралар ұйымдастыратындығы айқындалған.

Ал, мемлекеттік қызметшілер сыбайласжемқорлықпен қалай күресуі керек? Әрине, бұл жердегі мақсат жемқорлық көріністеріне ұрынған адамдарды құрықтап, жазалау емес, қазіргі таңдағы негізгі мәселе – кез келген мемлекеттік органдағы мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алуы үшін жасайтын іс-әрекеттері.

Осыған байланысты, мемлекеттік қызметіші қызмет барысында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын-алып, тиімділікке қол жеткізу үшін мемлекеттік қызметшінің ҚР Әдеп кодексімен белгіленген әдеп нормаларын сақтап жұмыс жасауы тиіс. 

Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында өз қызметінде сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермей, керсінше осы бағытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндірме шараларын жасауы тиіс деп санаймын.

Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының 

бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы Б. Тәңірбергенұлы

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған