QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- бүгінгі күн талабы»

Автор:QAA.kz

Июн 29, 2021

Қазіргі уақытта әлемдік проблемалардың бірі болған — сыбайлас жемқорлық сынды індеттің мемлекет экономикасының дамуына кері әсерін тигізетіні айдан анық.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлықтың салқыны тиіп, зардабын тартпаған сала кемде-кем десек артық айтқандық емес.

Себебі, қоғамның дертіне айналған сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің биліктің жоғарғы эшалондарынан бастап қарапайым қатардағы қызметкерлердің деңгейіне дейін көрініс тапқандығы, тіпті сыбайлас жемқорлықтың тұрмыстық деңгейге дейін жетіп, санамызда қалыпты жағдай ретінде орын алуы, қоғамдағы өзекті өртеген мәселелердің негізгісіне айналғандығы шындық.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған деген төзбеушілікті қалыптастыру бағытында қоғамның, әрбір азаматтың атсалысуы — ол бүгінгі уақыттың талабы екендігін ұғынуымыз қажет.

Экономиканың одан әрі өсуі, халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында, 2014 жылдың 26 желтоқсанында Елбасының №986 жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015 — 2025 жылдарға арналған стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) қабылданған болатын.

Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Бұл ретте, әр азаматтың қорғаны әрине ол заң білушілік, яғни жалпы алғанда Қазақстан Республикасымен берілген жеңілдіктерді, әлеуметтік, материалдық және т.б көмектерді пайдалану бір сөзбен айтқанда Конституциялық құқығын пайдалану болып табылатыны сөзсіз.

Кімде кім болсын, өздерін экономикасы гүлденген, жан — жақты әлеуметтік қамтылған, сыбайлас жемқорлық көріністері жоқ ортада өмір сүрулерін армандайтыны хақ.

Халқымызда «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген қанатты сөз бар. Яғни, әрбір азамат немесе мемлекеттік қызметші мен басшы адал, әділ, турашыл, таза болып, өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқармайынша қоғам түзелмейді, елдің дамуы алға жылжымайды. Сол себепті, мемлекеттік қызмет – мерейлі міндет қана емес, зор жауапкершілік.

Қазақ үшін хәкім Абайдың қара сөздерінен асқан даналық жоқ екені анық. Он төртінші қара сөзде: «Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың

жоқтығынан азады. Жаманшылыққа бір елігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады» делінген. Міне, бүгінгі таңда сіз бен біз үшін маңызды мәселеге айналған жемқорлық та осындай түрлі келеңсіздіктерден құралады, соңы өкінішпен аяқталады. Оған қарапайым өмірде нақты мысалдар мен дәлелдер көп.

Негізінен, егемен елімізде мемлекеттік қызметшінің имиджін көтеру, сала жұмысын оңтайландыру, жетілдіру бағытында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мен болдырмау бағытындағы іс-шаралардың мәні зор, маңызы айрықша. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бір ғана мемлекеттік орган атқаратын жұмыс емес, тұтас мемлекеттің саяси басым бағытына айналды.

Шындығын да жемқорлық деңгейін төмендету, жою арқылы біз көптеген жетістіктерге жететіндіктен әрбір азамат сыбайластыққа жан-тәнімен қарсы болып, ондай жағдайға тап болғанда немесе белгілерін білген, көрген жағдайда құзырлы органдарға хабарлауды азаматтық парызы деп түсініп, жемқорлыққа қарсы тұру әрбір азаматтың басты міндетіне айналуы тиіс екендігін естен шығармаған абзал.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің

сот приставы Жахудаев Нұғман Үсенұлы

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *