2021 ж. Сәуір 14

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Қарапайым тілмен айтқанда, сыбайлас жемқорлық дегеніміз – бұллауазымды жеке басының мүддесі үшін пайдалану.

Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттыңбасты бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекетбасшысы институционалдық қайта құруларды, қауіпсіздік пен сыбайласжемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттің басым бағыттарыныңбірі ретінде көрсетті.

Қазақстан Республикасының Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы айтаотырып, көп нәрсе бүкіл қоғамның белсенді қатысуына байланыстыболатынын атап өтті.Сыбайластық жалпы мемлекетке де, осы мемлекеттіңқұрамына кіретін әрбір азаматқа да орны толмас зиян келтірері сөзсіз.Бүгінгі таңда біздің республикадағы барлық мемлекеттік органдар,ұйымдар, қоғамдық сектор субъектілері мен лауазымды адамдар «Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес өзқұзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға міндетті.

Заңның 24-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтуралы ақпараты бар адам өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның немесеұйымның басшылығына болмаса сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылжөніндегі уәкілетті органға хабарлауы тиіс.Осыған сәйкес, мемлекеттік органның, ұйымның және сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның басшылығыкеліп түскен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туы заңнамағасәйкес шаралар қабылдауы қажет.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлағаннемесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де тәсілмен көмеккөрсеткен адам мемлекеттің қорғауында болады және ҚазақстанРеспубликасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді.Іс-қимыл бойынша көмек көрсететін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпияболып табылады және заңнамада көрсетілген тәртіппен белгіленеді. Бұлақпаратты жария ету заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасы  Бас әскери прокуратурасының бекіткен жоспары бойынша ай сайын Қызылорда гарнизоны әскери мекемелерімен сыбайлас жемқорлықты алдын-алу және осы сияқты әскери тәртіп пен заң бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде түсіндірме сағаттарын жалғастыруда. Бұл сияқты шаралар әскери заң бұзушылықтарды алдын алуға септігін тигізетіні анық.

Қызылорда гарнизоны әскери прокурорының орынбасары әділет майоры Бағлан Қаратаев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған