Бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Сұханбердиеваның отбасында қайғылы жағдай орын алды. Экс-шенеуніктің кіші ұлы қайтыс болды.
Белгілі журналист әрі блогер Гүлбану Әбенованың ақпаратынша, бүлдіршін үйдегі бассейнге батып кеткен.
Басылымның хабарлауынша, Сұханбердиеваның төрт баласы бар. Қыздары 26 мен 17 жаста болса, ұлы жеті жаста. Ал ең кішісі 2016 жылы туған.
Қайғылы оқиға жайлы бүгін белгілі болды.
nur.kz