QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Судья ірі көлемдегі ақша алған жерінен ұсталды

ByQAA.kz

Ақп 12, 2021

Қазақстан Жоғарғы Сотының судьясы ірі көлемдегі ақша алған жерінен ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметі бірлескен тексеру шараларын өткізген. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 11 ақпанында жоғарғы соттың судьясы қомақты мөлшерде пара алып жатқан жерінен ұсталды», – деп хабарлайды.

Жоғарғы соттың мәліметі бойынша, Түркістан аудандық соты жоғарғы соттың жасаған қызметтері үшін ақша аударған. 

Оған қоса, пара берген Түркістан аудандық сотының судьясы ұсталды.

Жоғарғы сот тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпарат жария етуге жатпайтынын айтты.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған