QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла

Автор:QAA.kz

Фев 4, 2021

Бүгін Nur Otan партиясы Қызылорда қалалық филиалы, қаламыздағы Сымбат бастауыш партия ұйымның мүшелері, ҚазССР Халық ағарту ісінің үздігі, білім саласының ардагерлері Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған апаларымыз Жанасбаева Нағима апамызбен Өтемисова Саракүл Жармаханқызының үйлеріне барып хал жағдайлары мен танысып қайтық. Нағима апамыз бен Саракүл апамыз зейнет жасына дейін бар өмірін бала тәрбиесіне арнаған, сонымен қатар партия жұмыстарында қатар алып жүрді. Ұстаздарымыз еліміздегі білім саласының жағдайынан және ондағы өзекті мәселелерден жақсы хабардар екен. Өз кезегінде мемлекет басшысының, білім саласына қолдау көрсетіп Ұстаздардың жалақысын көтергеніне дән риза. Бүгінгі ұрпақ білімнің бағасын түсініп ел дамуына күш жігерін арнасы екен дейді.

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде апаларымыздың еңбектері зор. Құрметті ардагер – ұстаздар, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем болып, ұзақ ғұмыр кешіңіздер демекпіз. Еңбек жолы, қоғамдық-педагогикалық қызметі, азаматтық тұлғасы кейінгі жастарға үлгі. Осындай Апаларымыз Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектерін ескеріп, үнемі ардақтап жүру — біздің негізгі борышымыз деп білеміз.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *