QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Совет каскасының сыры

Автор:QAA.kz

Май 7, 2020

Өткен ғасырдың сексенінші жылдары Пермь облыс орталығында  КСРО халық артисі Юрий Никулин гастрольде болды. Кезекті   концерттен соң артистің  қонақ үйдегі бөлмесіне облыс орталығынан 200 км. қашықтықтағы Лысьев металлургия заводының   жұмысшылары келіп қонақ болып кетуге шақырады. Ю.Никулин   рахмет айтып денсаулығына байланысты бара алмайтынын айтады. Сонда жұмысшылар: «Онда бізден ескерткіш болсын» деп асханалық  қазандардың үлкенді-кішілі түрлері мен әскери касканың   сувернирлік нұсқасын ұсынады. «Сіздердің заводтарын  ыдыс шығаратынын  білемін, ал касканың бұл жерде қандай қатысы бар?» деген Никулинге «Біздің завод соғыс кезінде тек каска шығарды ғой» деп жауап қайтарады. «Құдайым-ау, алдымен неге осыны   айтпадыңдар. Мені сіздердің жасаған каскілерін соғыс кезінде тура    келген оқтан бірнеше рет аман алып қалды ғой» деп Ю.Никулин Лысьевтағы заводтың акт залында өнерін көрсетіп  қайтады.

Ұлы Отан соғысы кезінде миллиондаған совет солдаттарын ажалдан  құтқарып қалған каска КСРО бойынша тек Лысьев металлургия  заводында ғана жасалынды. Каска үшін болаттың аса берік маркасы ойлап табылды, бұл технологияның авторы завод инженері Евгений Ширинкин еді.

Каска беріктігі арнаулы сынақтан өтті, касканы 25 метрден атқанда  оққа төтеп берсе, майданға жіберіліп отырды. 1942 жылдың соңында соңғы атқышты майданға алып кеткенде, орнын 16 жастағы қыздар басты, винтовка затворына қолы еркін жету үшін аяғының астына    жәшік қойып атты.

Соғыс жылдарында 10 миллион каска мен 14 миллион солдат  тостағаны мен қасығы жасалынды. Лысьев заводы стартегиялық   құпия нысана болып мәліметтерде №700 завод делініп, өнімі СШ-40 (стальной  шлем) деп аталынды. 

Оқ өтпейтін берік каска жасаған завод мамандары И.Ястребов, А.Филин, А.Кравилев, А.Пашкевичке 1943 жылы Сталиндік сыйлық берілді, берілді деген аты ғана, өздеріне тиісті «мұратты көсем» атындағы 10 мың сомды қорғаныс қорына аударды. Заводта жұмыс істеген жұмысшылар да екі ведомосқа қол қойды біріншісіне  «жалақымды алдым» деп, екіншісіне «өз еркіммен жалақымды қорғаныс қорына аударамын» деп қол қойды. Завод жұмысшылары  демалыссыз, күніне 12 сағат жұмыс істегені үшін күнделікті 800 гр  нан алды. Жұмысқа 5-15 минут кешіксе 4 ай түрмеге қамалды,ал 1 күн жұмысқа шықпай қалса 7 жылға сотталды. Осындай қиындықпен  жасалған совет каскасын беріктігі үшін жау жағы да бағалады, соғыс ардагерлерінің сөзіне қарағанда өлген немістердің басынан советтік каскаларды талай рет көрген. 2015 жылы завод өзінің 230 жылдығы  атап өтті. ЛМЗ-ның бас директоры В.Ганьжин сөзіне қарғанда Ганнавердегі көрмеден кейін Германияның бір концерні бірігіп өнім  шығаруға ұсыныс айтыпты. Немістер кіммен бірге жұмыс істеу керек екенін біледі.

Суретте: Ю.Никулин «Олар Отан үшін шайқасты фильмінде.

Материалды әзірлеген Бақытжан Түменбай

тарих пәні мұғалімі

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *