QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Сотталғандармен кездесу

Автор:QAA.kz

Май 31, 2021

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде мекеменің психолог мамандары мен Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері ҚР ҰҚК Академиясының доценті, сарапшы психолог Л.Шакимова және Дін мәселелерін зерттеу орталығының психолог маманы Қ.Қойшыбаева мекемедегі деструктивті діни ағымды ұстанушы азаматтарды жеке қабылдап, психопрофилактикалық жұмыстар жүргізді. Аталған шараның негізгі мақсаты теріс ағымға кірген жазасын өтеуші азаматтардың өмір сүру барысында өз ойларын бақылап, зерделеу болып табылады.

Психолог мамандар жазасын өтеуші азаматтарды зерделеу барысында түрлі психологиялық әдістерді пайдалана отырып, олармен тығыз қарым-қатынаста сұхбат жүргізді. Сұхбат барысында өткен өміріне саяхат жасап, шалыс басып жасаған қателіктерін түсінуге мүмкіндік берілді. Пікірлесу барысында олар алға қойған мақсаты мен болашаққа деген көзқарастары туралы ойларын ашып айтты.

Сонымен қатар білікті психолог мамандар мекеме психологтарына дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушы азаматтарды толыққанды зерделеу барысында алдағы уақытта олармен қандай жұмыстар жүргізу қажет екендігін, қандай әдістемелерді пайдалану жөнінде кеңес берді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *