QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Сот жүйесіндегі жаңашылдықтар, жаңа технологиялар

Автор:QAA.kz

Фев 24, 2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің 2020 жылғы 01 қыркүйектегі жолдауында «Цифландыру барлық реформалардың негізгі элементі». Цифрландыру- бұл сән үрдісі емес, ұлттық бәсекеге қабылеттілікке қол жеткізудің басты құралы екендігін атап көрсетті.

Сот жүйесінде жаңа технологияларды қолдану аясы кеңейіп, ақпараттық сервистерді және оларды пайдалану механизмдері күн өткен сайын жетілдіріліп жатыр.

Сот жүйесі жұмысын оңтайландыру, сот төрелігін жеңілдету мақсатында «Сот кабинеті» сервисі іске қосылды. Бұл сервис азаматтардың арыз-шағымдарын қашықтықтан беруіне және сот процесіне қатысушылардың іс жүргізу кезінде қабылданған сот актілерімен және басқа да қажетті ақпараттармен танысуға мүмкіндік береді.

Барлық соттарда 2015 жылдан бері «Төрелік» ақпараттық жүйесі жұмыс жасайды. Сот жүйесінде күнделікті жүргізілетін жұмыстар аталған жүйе арқылы жүргізіледі. «Төрелік» ақпараттық жүйесінің артықшылығы, басқа мемлекеттік органдармен ақпарат алмасуға қолайлы, жүйені пайдаланушыларға тіркеу рәсімі жеңілдетілген, ақпарат алу жүйесі жеделдетілген.

Сонымен қатар, «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы сот процесіне қатысушыларға СМС хабарлама жолдау және оларды электрондық пошта арқылы хабардар ету жүйесі, «Сот құжаттарымен таныстыру» сервисі, «Істерді қарау тізімі» сервисі, «Сот кабинеті» сервисі, «Сотқа шақыру қағазы» сервисі және азаматтар «QR code» арқылы сот қызметтеріне қол жеткізу іс – шаралары жүзеге асырылуда.

Сонымен бірге, бұрын азаматтың жеке қатысуы қажет болса, енді қазір жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сотқа қашықтықтан қатысуға болады.

Жоғарыда көрсетілген электронды ақпараттық технологиялар халыктың уақытымен қаражатын үнемдеуге септігін тигізеді, сот жүйесінің ашықтығына мүмкіндік береді.

Сот саласында жасалынған жаңалықтардың барлығы халықтың игілігіне қызмет етуде.

Мемлекет басшысы 01 қыркүйек 2020 жылғы Жолдауында «Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды қолға алдық. Бұған дейін айтқанымдай, бұл – мемлекеттік органдар тек азаматтардың күнделікті мәселесіне байланысты жауап қатуы тиіс деген сөз емес. Бұл, ең алдымен, билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог» деп атап көрсетті.

Біз жеңіл және ыңғайлы тәсілмен, қазіргі заманғы технологияларды белсенді қолдана отырып қарым қатынас жасайтын ақпараттық дәуірге жеттік.

Әлемдегі өркениетті 30 елдің қатарына қосылу үшін алдағы бар мәселе – болашақта дамуымызда.

Қызылорда қаласының

мамандандырылған әкімшілік

сотының кеңсе меңгерушісі Айгүл Ауелбекқызы Аблаева

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *