QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Сот жүйесіндегі жаңа бағыт

ByQAA.kz

Қаз 28, 2020

Жылдан-жылға, күннен-күнге сот жүйесі дамып келеді. Сот төрелігіне деген сенімді арттыру мақсатында, соттардың ашықтылығы мен айқындылығын халыққа жеткізу үшін көптеген жаңа бағдарламалар, техникалық құрылғылар енгізілуде. Қазір сот жүйесінде «Сот кабинеті», «Элекронды үкімет», «Сот құжаттарымен танысу», «Төрелік» бағдарламалары жұмыс жасауда және әр бағдарлама халыққа соттың қолжетімді болуына жәрдемдеседі.

«Электронды үкімет» бағдарламасы шеңберінде барлық сот органдарының қызметі электронды түрде көрсетіледі. Бұл судьялар мен сот мәжілісі хатшыларының жүктемесін жеңілдетуге, сот ісін жүргізу рәсімін оңтайландыруға тигізетін ықпалы зор. Ал «Сот құжаттарымен танысу» бағдарламасы азаматтардың уақытын үнемдеуге көп септігін тигізеді. «Сот құжаттарымен танысу» модулі логин мен құпия сөз арқылы электрондық сот құжаттарын көру үшін арналған. Сот үрдісінің қатысушысы логин мен құпия сөзді ұялы телефон нөміріне немесе электрондық адресіне жіберілген SMS-хабарлама арқылы алады. Жедел хабарлау мақсатында сот үрдісінің қатысушысына сот органдарының ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жасалатын келесі SMS-хабарламалар жүйелік логикалық тәртіпте жіберіледі. Атап айтқанда сот қарауына істі дайындау туралы, күні, уақыты және өткізілетін орны көрсетілген сот отырысына шақыру туралы, сот ісін жүргізуге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы, өтінішті қайтару туралы, қозғалыссыз өтініштің тоқтатылғаны туралы, сот шешімі шығарылғандығы туралы мәліметтер жіберіледі.

Сот жүйесін цифрландыру бойынша да кешенді, ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының барлық сот жүйесіне заманауи технологиялардың енгізілуі мен қолданылуы сот өндірісін жеңілдету, бюрократиялық кедергілерді жою, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен тікелей байланысын азайту жолымен сыбайлас жемқорлықтың орын алу ықтималдығын төмендетуге септігін тигізеді және еліміздің тұрғындары үшін сот жүйесінің ашық әрі қолжетімді болуына барынша мүмкіндік туғызады, атап айтсақ электрондық сот істеріне ауысу, «Сот кабинеті» сервисі, «Сот құжаттарымен танысу» сервисі, «SMS хабарлама» сервисі «Талдау» форумы, сот органдарымен байланысу СALL-орталығы, сенім телефоны, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар, бейнеконференция және «True Conf» мобильдік қосымшасы арқылы сот төрелігін жүзеге асыру ақпараттық технологиялар қызметі, соттардың ахуалдық орталығы, мобильді «Сот кабинеті» өз жұмысын атқаруда.

Н.Бисембаева

Қызылорда облысының

мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотының бас маманы

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған