"Ақмешіт ақшамы"

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялардың тиімділігі

Автор:QAA.kz

Май 24, 2022


Сот жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында жаңа технологияларды қолдана отырып, сала қызметкерлеріне де, сотқа жүгінуші азаматтарға да тиімді болу үшін қолданыста бар бағдарламалардың сан түрі бізге мәлім.
Мінсіз сот төрелігі жүйесін құру, сот жүйесіне деген сенімді арттыру, сот ісін жүргізуді жеңілдету, оның тиімділігін, қолжетімділігін дамыту және сот жүйесінің ашықтығын арттыру мақсатында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды басқару процесіне толық енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстанның сот өндірісіне ақпараттық технологияларды енгізу тарихы 1999 жылдан бастау алған болатын. Сол жылдары сот жүйесінің Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі әзірленіп, Қазақстанның барлық соттарында енгізілді. Кері байланысты арттыру мақсатында «CALL» орталықтары да өз қызметін бастады.
Ал 2014 жылдан бастап қазақстандықтар да Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты әзірлеген «Сот құжаттарымен танысу», «Тыңдаулар тізімі» және «Сот кабинеті» ақпараттық сервистерін пайдалануға көшті. Осы сәттің өзінен бастап ақпараттық технологияның сот саласына берер пайдасының мол екені түсінікті болды.
Өзінің 2021 жылғы сөзінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев​ жүргізіліп жатқан реформалар салаға жаңа білікті мамандарды жұмылдырып, әділеттілікті қамтамасыз етуге тиіс деген болатын. Мұндай шаралар ең алдымен халықтың сотқа деген сенімін нығайту үшін қабылданады. Өз кезегінде соттар мен сот процестері заманауи талаптарға сай болуы және азаматтардың, бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғауы тиіс. Енді осы жаңа нормалардың нақты орындалуын қамтамасыз етіп, соттар қызметіндегі қағазбастылықты жою қажеттілігін тілге тиек еткен болатын. Қысқаша айтқанда, сот жүйесінде модернизация жұмысы әрқашан дамып отыру керектігін түсіндірді.Мәселен, «Сот кабинеті» қызметі сот процесіне қатысушылардың ғана емес, соттың да материалдық шығындарын азайтуды және уақытты үнемдеуді қамтамасыз етеді. Сервистің артықшылығы – әрбір азамат электронды форматта сотқа өтініштерді, шағымдарды, талап арыздарды дайындап, жібере алады.
Қорытындылай келгенде, ІТ-технологиялар серпілісі уақыт санап ұдайы өсу үстінде. Оларды сот өндірісіне енгізу – уақыт талабы. Цифрландырудың заманауи үрдістері сот ісін жүргізуді айтарлықтай жеңілдетеді.
Ал 2015 жылы сот жүйесінің бірыңғай интернет-порталы (http://sud.gov.kz), сот жүйесінің «ТӨРЕЛІК» Бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесі кеңінен қолжетімді болуы үшін ашылып, көптеген электронды ақпараттық сервистер құрылды. Оның ішінде «Сот істерін іздеу», «Аудио-бейне жазба жүйесі – AVF», «Сот істерін қараудың электрондық кестесі» т.б. жаңа технологиялар сот төрелігін тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етуге және сот ісін жүргізуге қатысушылардың өзара іс-қимыл процесін автоматтандыруға арналған. Сондай-ақ Сот кабинетінің мобильді нұсқасы енгізілді.

Қызылорда қаласының № 2сотының судьясы Кутыбаев Ермек Рахымович

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *