QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Сот отырысында аудио-бейнежазба жүйесін қолдану тәртібі

ByQAA.kz

Мау 24, 2020

Сот отырыстарын аудио- бейнежазбаға түсіру сот талқылауы барысын дәл тіркеу үшін сот ісін жүргізу мақсатында, сондай-ақ азаматтық, қылмыстық сот ісін жүргізуде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде немесе тәртіптік іс бойынша іс жүргізу шеңберінде нақты деректерді белгілеу мақсатында пайдаланылады.

Мына жағдайларды қоспағанда, бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысының барысы аудио-, бейнежазбаға түсіріледі:

1) азаматтық іс тараптардың шақырылуынсыз қаралған кезде (бұйрық арқылы, оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу);

2) азаматтық іс бойынша сот отырысына қатысатын адамдардың бәрі сот отырысына келмеген жағдайда, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі;

3) егер өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде өз кінәсін толығымен мойындап, дәлелдемелерді зерттеу қажеттігі туралы мәлімдемесе;

4) жабдықтың техникалық ақауы, оның болмауы немесе техникалық себептерге байланысты қолдану мүмкін болмаған жағдайда.

Сот отырысының жазылуын қамтамасыз ететін сервер, жабдық, оларға қол жеткізуге мүмкіндік бермейтін шаралармен қамтамасыз етіледі. Серверге қол жеткізу тәртібі «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қамтамасыз етіледі.

Іске қоса тіркелген сот отырысының аудио-, бейнежазба көшірмелерінің сақталуына, судьяның істі қарау кезеңінде және істі мұрағатқа өткізгенге дейін сот отырысының хатшысы, іс мұрағатқа тапсырылғаннан сәттен бастап сот мұрағатшысы қамтамасыз етеді. Мұрағатшы істі қабылдаған кезінде іс материалдарына қоса тіркелген материалдық (электрондық) жеткізгіште сот отырысының аудио-, бейнежазба көшірмелерінің болуын тексереді.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының аудио-, бейнежазбалары күн сайын регламенттелген уақытта бірінші сатыдағы деректерді репликациялай отырып, облыстық және оған теңестірілген соттың аудио-, бейнежазба құралдары жүйесінің серверінде сақталады. Сот отырыстарының аудио-, бейнежазбалары соттың деректерді сақтау серверінде сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап 1 (бір) жылдан кем емес уақыт сақталады. Аудио-, бейнежазба жазылған материалдық (электрондық) жеткізгіштің сақталу мерзімі азаматтық және қылмыстық істердің және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің сақталу мерзімдеріне сәйкес келеді.

Аудио-, бейнежазбасы бар материалдық (электрондық) жеткізгіш Сақтау мерзімдері көрсетіле отырып Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті және басқа да соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметі

қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және Соттар кеңселері мемлекеттік мекемелерінің қызметінде жасалатын құжаттар тізбесіне сәйкес іспен бірге сақталады. Сот отырысының аудио-, бейнежазбасы бар материалдық (электрондық) жеткізгішті жою Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және Қазақстан Республикасы соттарының кеңселері мемлекеттік мекемелерінің құжаттарын қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі туралы қағидаларға сәйкес іске асырылады.

Азаматтық немесе қылмыстық іске қатысушы адамдарды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамдарды, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің басқа қатысушыларын, олардың өкілдерін сот отырысының аудио-, бейнежазбасымен таныстыру олардың өтінішхаты бойынша жүзеге асырылады. Таныстыру осы мақсатта арнайы жабдықталған жерде қажетті техникалық құралдарды пайдалану арқылы тиісті аудио-, бейнежазбаны тыңдауға (көруге) мүмкіндік жасау жолымен іске асырылады.

Іс жабық сот отырысында қаралған жағдайда, іске қатысушы адамдарға және олардың өкілдеріне сот отырысының аудио-, бейнежазбасы берілмейді, оларға сот отырысының аудио-, бейнежазбасымен таныстыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі сотта жүргізіледі.

Сот отырысы аудио-, бейнежазбасының көшірмесін сотқа өтінішхат келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде береді.

Сот отырысының аудио-, бейнежазбасымен танысқан не оның материалдық (электрондық) жеткізгіштегі көшірмесін алған адам аудио-, бейнежазбамен танысу немесе оның көшірмесін алу туралы өтінішхатқа тиісті белгі қояды.

Қызылорда қаласының

мамандандырылған тергеу сотының

бас маман-сот отырысының хатшысы Н.Асылбекова

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған