2021 ж. Сәуір 14

СОЛ ЖАҒАЛАУДАҒЫ ОҢ БАСТАМА

Қала көлемі кеңейіп, көз қуантарлық деңгейге өсіп келеді. Сол жағалаудағы жаңа қалаға тиесілі құрылыс жұмыстары да тиянақты
жүзеге асуда. Зәулім ғимараттар мен биік үйлерден бөлек сапалы жол да салынып, жүргіншілер үшін тиімді тұстары да қарастырылуда. Айталық, Ғ.Мұратбаев – С.Бейбарыс көшелерінде орналасқан көпірлер аралығын жалғайтын сол жағалаудағы магистральдың 2 шақырымды құрайтын құрылысы да жүргізілуде. Сәтін салса осы жылы сол жағалаудағы тұрғындардың игілігі үшін осы жылы пайдалануға берілмек. Оған қоса мұнда түңгі жарық бағаналары да қарастырылып, жаяу жүргіншілерге арналған жол да бар.

Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғынүй инспекциясы бөлімінің басшысы Біржан Далабаев:

  • Айналма жол құрылысы үшін жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы
    бастау алған аталған жұмыс биыл толығымен реттеліп, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жоспар бойынша Сырдария өзенінің жағалауымен қолданыстағы бар магистарльды жолға әкеліп қосылады. Облыстық жастар орталығынан бастау алатын жалпы ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын жолды Шіркейлі каналына баратын негізгі көшемен байланыстыру жұмыстары да басталды. Осы жоспарды жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 1,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Алдағы уақытта С.Бейбарыс көшесіндегі көпірден Эдельвейс саяжайы арқылы Тұңғыш Президент саябағына дейінгі аралықты қамтитын 1,1 шақырымға жол салынады. Сондай-ақ, Тәуелсіздік даңғылының жалғасы саналатын 95% жұмыстары біткен «Қызылжарма» каналына дейінгі магистраль құрылысы аяқталып, жақын күндері ел игілігіне пайдалануға берілмек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған