QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Әскери қызметке шақыру жалғасуда

ByQAA.kz

Қар 10, 2020

Қызылорда гарнизонында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне күзгі науқандағы мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жалғасуда.

Шақырылым жұмыстары санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып жүзеге асырылуда. Осы жылы Қызылорда облысынан 800-ге жуық жасты әскерге аттандыру жоспарланған. Ал, қазіргі таңда 450-ге жуық жас шақырушылар әскерге аттанып та үлгерді. Әскер қатарына дене дайындығы жақсы, психологиялық тест нәтижелері жоғары жастар алынуда.

Шақырушыларға әскери бөлімдерге жіберілместен бұрын ПТР-тесті әдісі арқылы зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Мерзімді әскери қызметке шақыру медициналық комиссиялардың тікелей қатысуымен өтуде. Таңдау барысында жастардың мамандығы мен денсаулығына мән беріледі. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының қатарын толықтыруға ниет білдірушілер саны көбеюде.

«Сыр елінің азаматтары Отан алдындағы борыштарын өтеуге белсенділік танытуда. Күзгі әскерге шақыру науқаны осы жылдың желтоқан айының аяғына дейін жалғасады», – дейді Қызылорда облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті жасақтау басқармасының мерзімді әскери қызметке шақыру бөлімінің бастығы, майор Нұржан Мелдебеков.

Жоғары білімі бар азаматтар өздерінің жақсы қырынан көрсету арқылы келісімшарт бойынша әскери қызметке орналаса алады. Жалпы әскерге шақыру науқаны осы жылдың 29 желтоқсанында, яғни, әскерге шақырылушылардың соңғы легі бөлімге қызметке келген кезде аяқталады.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы

сержант Мұхит Қонаров

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған