"Ақмешіт ақшамы"

Сарқылмасын Сыр-Ана!

«Өскемен мен Шүлбі ГЭС-і» БАӘ-нің инвесторларына сатылмайтын болды

ByQAA.kz

Қаң 14, 2022
Үкімет басшысы Әлихан Смаилов  Парламент Мәжілісінен «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметінің Қазақстан Республикасын дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы бірлескен декларациясын ратификациялау туралы» заң жобасын кері қайтарып алды. Демек, «Өскемен ГЭС»-і мен «Шүлбі ГЭС»-ін Абу-Дабилік инвесторларға беруден бас тартты.
Бұл қаулыны үкімет 10 қаңтарда қабылдаған болатын. Ол кезде Әлихан Смаилов үкімет басшысының міндетін атқарушы еді.
Бұған дейін үкімет басқарған Асқар Мамин былтырғы жылы БАӘ-не іс-сапары кезінде арабтық инвесторлармен келісімшарт жасасқан еді.
Сондай-ақ, энергетиканың экс-министрі болған Мағзұм Мырзағалиев алдағы уақытта біздің елдегі «Өскемен мен Шүлбі ГЭС»-терінің 74,99 пайыз акциясы БАӘ-нің инвесторларына сатылатынын хабарлап еді.
Еске сала кетейік «Шүлбі ГЭС»-нің қуаты 702 МВт болса «Өскемен ГЭС»-інің қуаты 367,8 МВт. Шүлбінің қуаты ел бойынша ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған