QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Шыны зауытының құрылысы қашан аяқталмақ?

Автор:QAA.kz

Окт 26, 2020

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Наушақызы «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Apta.kz» бағдарламасына сұхбат берген болатын. Жайна Сламбекпен болған сұхбатта Гүлшара Наушақызы өңірдегі бірқатар мәселелерге тоқталған еді.

  • Сіздің облыс әкімі болып тағайындалғаныңызға жарты жылдан асты. Пандемияның экономикаға кері әсері тиіп жатыр. Сіздердің аймақтарыңыздағы жағдай қалай?
  •  Біздің өңірдің басты байлықтары мұнай мен уран. Олардың көрсеткіштері едәуір түсуде. Мәселен, 2011 жылы аймақта 11 миллион тонна мұнай өндірілген. Былтырғы жылы көрсеткіш 5,6 миллион тоннаны құрады. Биылғы жылы 4,2 миллион тонна мұнай алынбақ. Жалпы барлық көрсеткіштер азаюда. Ашығын айту керек. Осы жылы өңірге 230 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда аз. Біз қазір алдағы жоспарларды құрудамыз. Облыстағы азық-түліктің жетіспеушілігі қатты сезілді. Біздегі ең қажетті азық-түліктің 70 түрі сырттан әкелінсе қажетті тұрмыстық тауарлардың 35-і сырттан алынады екен. Өзіміздің экономикалық картамызды жасадық. Қазіргі кезде 265 жобаны әзірлеп отырмыз. Бұл жобалардың өзіне 271 миллиард теңге инвестиция тартылмақ.
  • Мысал келтіресіз бе? Қызылордада тағы басқа не өндіруге болады. Біраз жұрт Қызылорданы есіне алса күріш пен мұнайды елестетеді.
  • Өзімізде сүт өнімдерін өндіруге болады. Сүт өнімдері мен балмұздақ секілді азық-түлік түрлері, ет пен көкөністерді де біздің аймақта өндіруге болады.
  • Осы жылы расында өңірде апаттық жағдай болды. Су тапшылығы қатты болды ма?
  • Қырғызстандағы «Тоқтағұл» су қоймасында былтыр 18 миллиард текше метр су болса, биыл 12-ақ миллиард текше метр су болған. Сол сияқты, Өзбекстан арқылы келетін Шардара су қоймасындағы су қоры өткен жылмен салыстарғанда 1,1 миллиард текш еметрге кем көрінеді. Су беру жұмыстары жүйелі орындалды. Соның арқасында биылғы егістіктен 511 мың тонна егін жиналды. 1 гектар күріш алқабына 33 мың текше метр  су кетеді екен. Ал дәл осындай көлемдегі суды 10 гектар аумаққа қызанақ егіп те пайдаланса жақсы болар еді. Есесіне, қызанақтың гектарынан 25 миллионға жуық қаржы өндіруге болады. Сонымен қатар, егіс далаларын әртараптандыру жұмыстары жүргізілмек. Егістік алқабын 80-85 мың гектарға сақтап, қалғанын басқа түрлерге көшіру қажет.

-Шыны зауыты не болатын болды, іске қосылады ма?

  • Шыны зауытының құрылысы 70 пайызға аяқталды. Ендігі қалған шаруа зауыттың инфрақұрылымын реттеу. Қазіргі таңда қажетті екі қондырғы алынады деп күтілуде. Біріншісі пеш болса, екіншісі балқыту ваннасы. Біздің елімізге жылына шетелден 1 миллион доллардың шынылары келеді екен. Егер, шыны өзімізден шығатын болса ол ақша өзімізде қалады. Сонымен қатар, 8 ілеспе зауыт саламыз деп жоспарлап отырмыз. 3 зауыттың жобасы белгіленіп, кәсіпкерлер қызығушылық танытуда. Біріншісі айна шығаратын зауыт, екіншісі ыдыс шығаратын зауыт ал үшіншісі құрылыс алаңдарында қолданылатын шыны талшықтарын өндіру зауыты. Бұл жобалардың өзіне 15 миллиардтай инвестиция тартылу жоспарлануда. Содан кейін «Шалқия» кен байыту жері бар. Ол жерде де қорғасын, мырыш өңдейтін өндіріс салынады. Бұл мәселеге қа­тысты қазір «Самұрық-Қазынамен» бір­ге жұмыс істеп жатырмыз. 8 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылып, жұмыс басталмақ. Одан басқа, Арал өңі­рінде кальцийлендірілген сода зауы­тының барлық құжаттары дайындалды. Экология министрлігінің сауалы бо­йынша қалдықты сақтайтын қойма мәселесін, оның жобасын толығымен шештік. Қазіргі таңда кәсіпкерлер оны да бастауға дайын.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *