Мамырдың 6-сынан бастап шымкенттік соттар таксимен жүреді. Олар жанармайға, көлік күтіміне, жөндеуіне, шопыр айлығына кететін бюджет ақшасына үнем жасамақшы. Таксиге отырған соттардың көлік шығынына деген шығысы рас болса, екі есе азаяды екен.
Тіпті, Шымкент қаласы әкімдігінде де шенеуніктер жеке дара кабинеттерден шығып, арадағы қабырғаларды алып тастап ашық алаңқайға жұмыс істеуге көшіпті. Басшылардың кабинеті бәрі көрінетін шыны.
Сондай-ақ халыққа жақын болу үшін әкімдік кіреберісіндегі кезекші полицейлерді де алып тастапты.