QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Шымкентте сәбиге ыстық сумен клизма жасаған: Судың температурасы шамамен 60 градус болған

Автор:QAA.kz

Апр 3, 2019

Шымкентте сәбиге ыстық сумен клизма жасаған мейірбике жұмысынан босатылуы мүмкін. Ол 10 айлық сәбиге клизма жасағанда қолданған судың температурасы шамамен 60 градус болған. Қазіргі уақытта ауруханада тексеріс жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар істі полицейлер тергеуде.

Еске сала кетсек, Шымкенттегі инфекциялық ауруханада мейірбике 10 айлық сәбиге ыстық сумен клизма жасаған еді. Салдарынан сәби жансақтау бөліміне түсіп қалған.

Аурухананың бас дәрігері Амангелді Нұрлыбаев мейрбикенің неліктен бұлай жасағанын түсінбейді. Себебі оның он жылдық тәжірибесі бар екен. Сонымен қатар ауруханадағылар қателікті мойындап отыр.

«Ыстық судан денесінің, жамбасының 1 пайызы 1-2 дәрежеде күйіп қалған деген диагонз қойылды. Ішкі ағзалары зақымданбаған. Қолданылған судың температурасы өте жоғары болған, 50-60 градус», — дейді ол.
Дәрігерлердің сөзінше, қазіргі уақытта сәбидің жағдайы жақсарып келеді.

Сәбидің әкесінің сөзінше, мейірбике өзінің кінәсін мойындамай отыр. Алайда дәрігерлер оқиғадан кейін әйелінен кешірім сұрапты. Десе де ата-ана мұндай қателікті кешірмейтіндерін айтады.
Оқиғадан кейін ауруханада тексеріс басталды. Аға мейірбике мен оның екі көмекшісі жұмысынан шеттетілді.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тексеріс нәтижесі бойынша оқиғаға қатысы бар медициналық қызметкерлер жазаланып, сонымен қатар лауазымды тұлғалар да жазалануы мүмкін.
Құқық қорғау органдары тергеуге кірісіп кетті.

stan.kz

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *