"Ақмешіт ақшамы"

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ШІРКЕЙЛІ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Автор:QAA.kz

Май 13, 2022

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы референдумды қолдауға бағытталған республикалық штабының мүшесі Ғалым Әміреев Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі ауылы тұрғындарымен кездесті.
Ауылдық мәдениет үйінде Шіркейлі ауылының тұрғындарымен кездесу өтті. Ауылдық мәдениет үйіне жиылған тұрғындарға кездесу барысында штаб мүшесі жалпыхалықтық референдумның мәні мен мазмұнын сонымен қатар, Конституцияға енгізілетін өзгерістерге төңірегінде кеңінен ақпарат берді. Сондай-ақ, елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін, еліміздің Ата заңы — Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдап, маңызды күні науқанға белсенді қатысуға шақырды.
Ауыл тұрғындары да референдумға қатысты өздерін толғандырған барлық сауалдарына жауап алып, осындай жан-жақты өзгерістердің барлығын халықтың алдынан өткізіп жатқан ел Президентінің бастамасын бір ауыздан қолдайтындықтарын жеткізді

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *