QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ШИЕЛІНІҢ “ЖҰМЫРТҚАСЫ” ЖҰҚ БОЛАДЫ МА?

ByQAA.kz

Сәу 29, 2021

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Шиелі ауданына барып, бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік
нысандарды аралады. Аймақ басшысы алдымен Сұлутөбе елді мекенінің ауыз сумен қамту жүйелерінің және бас су қоймасының жұмысымен танысты.
«Сұлутөбе елді мекенінің ауыз сумен қамту жүйелерінің және бас су қоймасы» жобасы аясында 184 көру құдықтары орнатылып, қыстақішілік 18,84 шақырым, тұтынушы тұрғын үйлерге дейін 9,02 шақырым ауыз су құбырлары жүргізілді. Бас мердігер – «Бақ-Береке 2030» ЖШС.
Облыс әкімі “Талаптан” ауылдық округінде орналасқан «Шиелі төрт түлігі» кооперативіне де барды. Кооператив 2016 жылы құрылған.Негізгі қызметі-сүт өндіру және өңдеу. Кооперативке 35 адам мүшелікке кірген. 2017 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай
қолдау қоры» АҚ арқылы кооперативтің 21 мүшесі 64,5 млн. теңге несие алып, 2017 жылдың қазанқараша айларында 258 бас сүт бағытындағы мүйізді ірі қара мал алынған.
Сонымен қатар, аймақ басшысы Байгеқұм ауылдық округіндегі клуб ғимаратына барып, ауыл ардагерлерімен кездесті. Бұл жерде аудан әкімі Қамбарбек Мүбараков облыс әкіміне ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын таныстырды. Облыс әкімі сапары барысында Шиелі кентіндегі 18 пәтерлік 4 тұрғын үйдің құрылысын көрді. Құрылыс жұмыстарын «Жабдықтау» ЖШС жүргізуде. 3 қабатты тұрғын үйлердің құрылысына 709 млн.737 мың теңге бөлінген. Бұл жерде 2 бөлмелі 12 пәтер, 3 бөлмелі 6 пәтер салынып, ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Аймақ басшысы құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, уақытылы аяқтаудың қажет екенін ескертті. Одан кейін, облыс әкімі «Мөлдір и К» ЖШС құс өсіру фермасының жұмысын көрді. «Құс өсіру фермасы» жобасының құны 165 млн. теңге құрайды. Ферма жұмысын 2016 жылы бастаған, қазіргі таңда 10 адам жұмыс істейді. «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 33,5 млн. теңге алып, құс фермасының 2-цехы іске қосылды. Бүгінгі таңда кәсіпорында тәулігіне 20 мың жұмыртқа өндіріледі. Алдағы уақытта ет бағытындағы құс өсіруді жолға қойып, жылына 65 тонна құс еті
өндіріледі деп жоспарлануда. Облыс әкімі «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында А.Ясауии көшесіндегі аббаттандырудан өткен аллеяның және Жиделіарық елді мекеніндегі жаңадан салынған 150 орындық клубтың жұмысымен танысып, «Бастау» сауықтыру
кешеніне барды. Ясауии көшесіндегі аллеяның ұзындығы 430 метр, ені 19 метрді құрайды. Аллеяда мәрмәр мүсінді макеттер, балалар
ойын сауық алаңы орнатылған. Айналасы гүлмен көмкеріліп, абаттандырылған демалыс орнына айналған. Мемлекеттік бағдарлама аясында аббаттандыру жұмыстарына 49,2 млн.теңге
қаражат бөлінген. Ал, 2 қабаттан тұратын, 150 орындық клубтың құрылысына «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 177 млн.249 мың теңге бөлінген. Бас мердігер «ДаренСтройСервис» ЖШС әлеуметтік нысанды ағымдағы жылдың мамыр айында
пайдалануға береді деп жоспарлануда. «Бастау» сауықтыру кешенінде ауыл жастарын спортпен шұғылдандыру мақсатында үлкен және кіші бассейн салынған. Бұл нысан 2018 жылы пайдалануға беріліп, қазіргі таңда 6 тұрғын жұмыспен қамтылған.
Аудан орталығына жақын аумақта орналасқан жеке шаруа қожалықтың егіс алқабында 4 гектар жерде тамшылатып суару әдісімен қызанақ егіледі. Облыс әкімі мұны да көрді. Сонымен қатар аудандық емханаға барып, коронавирустің алдын алу және індетке қарсы вакцина егу жұмыстарымен танысты. Аймақ басшысы қоғамдық орындарда карантин талаптары қатаң сақталу қажет екенін баса айтты.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған