"Ақмешіт ақшамы"

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Шетелдің білімін өз елімізде аламыз

ByQAA.kz

Қаң 14, 2022
Ел естіген жағымды жаңалықтың бірі Қазақстанда халықаралық ЖОО-ның 5 бірдей филиалын ашу жоспары еді. Президентіміз айтқандай оның 2-уі техникалық білім беретін оқу орны болуы керек.
ҚР Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша елімізде 2021 жылы қыркүйекте Де Монтфорт Лестер Британ университетінің филиалы ашылған болатын. Сондай-ақ, қазіргі таңда Қозыбаев атындағы университетті Аризона университетінің сенімгерлік басқаруына беру мәселесі де қаралуда екенін айтты.
Алдағы уақытта елімізде Ресейдің үздік техникалық университеттерінің филиалдарын ашу жоспарда. Сондай-ақ, техникалық оқу орындарына бөлінетін гранттар санын көбеймек.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған