QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ШАҚЫРУ ҚАҒАЗЫ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРДЫ МА?

ByQAA.kz

Мау 8, 2020

Қала әкімінің төрағалығымен өткен аппарат отырысында күн тәртібінде қаралған екінші мәселе – мерзімді әскери қызметке шақыру барысындағы жұмыстар. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының басшысы Р.Намазбаевтың сөзінше, жыл басында яғни 10 қаңтардан 28 ақпанға дейін көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі жұмыстар атқарылған. Алайда, төтенше жағдай кезінде мерзімді әскери қызметке шақыру уақытша тоқтатылды. 15 мамырдан бастап әскерге шақырушыларға 1448 шақыру қағаздары таратылған. Бүгінде әскерге шақырғанға себепсіз келуден жалтарып жүрген 74 азамат полиция басқармасымен бірлесіп іздестірілуде.

Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының басшысы Р.Намазбаев:

– Әскерге шақыру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу кезінде туындаған проблемалар бар. Мәселен, алдын ала іріктелген әскерге шақырушылар ҚР ҰҚК ШҚ әскери бөлімдеріне әр түрлі себептермен қабылданған жоқ. Сондай-ақ, олардың тұрғылықты мекен жайларының болмауы да өзекті. Уақытша жұмыстарға еліміздің басқа өңірлеріне және республикадан тыс мемлекеттерге шығуы жиі орын алуда. Одан өзге әскерге шақырылушы азаматтардың және олардың туыстары қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы Руслан Бауыржанұлына мерзімді әскерге шақыру жөніндегі жұмыстарының 100 пайызға орындалуын қадағалауды, қалалық мединициналық комиссиясының төрағасымен бірлесіп әскерге шақырушылардың дәрігерлік куәландырудан өтуін қатаң бақылауға алуды тапсырды.

P.S: 15 мамырдан бастап 1448 әскерге шақырушылар үшін шақыру қағаздарын тарату жұмыстары жүргізілген. Оның 355-і студенттер. Шақыру қағазымен 405-і танысса, кейбіріне әлі жетпеген көрінеді. Себеп бар. Мәселен, 312-і тіркелген мекен- жайда тұрмаса, 376-ы үй есіктерін ашпаған. Енді нәтижені уақыт еншісіне қалдырамыз.

А.ӘЛИАРЫСТАН

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған