2021 ж. Сәуір 14

Шәменовтің шаруасы шалқиды?..

Әбдіқалықованың әкімдері әлеуетті ме?

Жалағаш ауданының әкімі А.Шәменов биылғы жылға біраз шаруа тізбектепті. Атап айтар болсақ: жалпы құны 8 млрд. теңге жеке қаражат есебінен инвестиция тарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жылыжай кешендері, балабақша мен сауда орталықтарын ашу жоспарлануда. Ағымдағы жылы қытайлық компаниямен («Zhe
Jiang Hang Zhou Changfu Products Co., Ltd») өзара ынтымақтастық туралы келісімге келіп, құны 6,5 млрд теңге болатын «NUR@GER» ЖШС-нің «Күріш сабанынан целлюлоза өндіру зауытын салу»
жобасын іске асыру жоспарлануда. Зауыт толық іске қосылған уақытта 100-ден аса жаңа жұмыс орны ашылатын болады.
Заманауи ауылшаруашылық техникалары мен озық технологиялардың болуы ауылшаруашылығының болашағын айқындайтыны сөзсіз. Осы мақсатта аудан шаруашылықтары соңғы
жылдары егін егудің жаңа әдістеріне бетбұрыс жасап келеді. Шаруашылықтар осы бағытты ұстанып, негізгі мақсаты егістің көлемін ұлғайту емес, егілген дақылдан мол өнім алуға жұмыс жасауда. 2021 жылы аудан бойынша жоспарға сәйкес 36 750
га ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыру межеленуде. Атап айтқанда, негізгі дақыл күрішті 20400 га, жаздық бидай 600 га, күздік бидай 90 га, мақсары 2200 га, жаңа жоңышқа 3960 га, ескі жоңышқа 6800 га, картоп 500 га, көкөнiс 1000 га және бақша дақылдарын 1200 гектарға орналастыру жоспары бар. Биылғы жылдың вегетация кезеңінде су тапшылығы болу қаупіне байланысты ауданда өткен жылмен салыстырғанда күріш дақылы 1200 гектарға қысқартылып, оның орнына суды аз қажет ететін 93 гектар жаздық бидай, 443 га мақсары, 445 га жаңа жоңышқа артық егу межеленуде. Инженерлік тұрғыда әзірленген егістік жерлердегі суландыру, тоспа-кәріз жүйелерінің әбден тозығы жеткендігі, барлығы қайта жөндеуді талап ететіндігі жөнінде әрдайым айтылып келеді. Ирригациялық және
дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасына барлығы 15123 га инженерлік жүйеге келтірілген жерлер енгізілді. Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасының жалпы құны 12,5 млрд теңгені құрайды. 2019 жылдан бастап егістік жерлердегі суландыру, тоспа-кәріз жүйелерінің жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2021 жылы да бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылатын болады.


Ауданда мал басын арттыру мақсатында шаруа қожалықтары мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып келеді. 2021 жылдың 1 наурызына төрт түлік мал басы мүйізді ірі қара – 35649 басты (1,6 пайыз), жылқы – 14518 басты (3,1 пайыз), түйе – 626 басты (25,5 пайыз), қой-ешкі – 46531 басты (1,9 пайыз), үй құстары – 9796 басты (7,8 пайыз) құрады. Осының нәтижесінде мал шаруашылығының өнімі есепті мерзімде ет өндіру 2,5 пайызға, сүт өндіру 2,3 пайызға, жұмыртқа 2,6 пайызға артты. Ауданның жер қоры 2 млн. 873 мың гектарды құрайды. Басым бағыт беріліп отырған ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу мақсатында 6 500 гектар жер учаскелері айналымға енгізу жоспарланып отыр. Биыл 20 несиелік және 20 жалдамалы тұрғын үйлер салу жоспарлануда. Биылғы жылы «Ақтерек» тұрғын үй салу аумағын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен қаралған 63,8 млн. теңге қаржыға жобалық сметалық құжаттар дайындалатын болады. Сонымен қатар аудан орталығындағы емдеу мекемелеріне арнайы кәріз желісі жүргізу үшін 46,1 млн. теңгеге жобалық сметалық құжаттар дайындалады. Мәдениет бағытындағы – 9,4 және Аламесек бағытындағы – 12,3 шақырым автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары басталып, биылғы жылы аяқталатын болады.


Жалағаш кенті тұрғындарының жол қатынасын реттеу мақсатында темір жол арқылы жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір салуға жоба-сметалық құжат әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізіліп,
қаржыландыруға ұсынылды. Елді мекендердегі электр желілері бойынша Ауылдық елді мекендердің электр жүйелерін қайта
жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін соңғы екі жылда облыстық бюджеттен – 372 млн. теңге бөлінді. Өткен жылы Мәдениет, Жаңаталап, Аққұм елді мекендерінің электр жүйелері толық жаңартылып, пайдалануға берілсе, бұл жұмыстар биылғы жылы
Бұқарбай батыр елді мекенінде жүргізілуде (жоба құны – 70 млн.теңге).Биыл сондай-ақ «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 175,4 млн. теңгеге Жалағаш кентіндегі Абай, Әйтеке би, Бұқарбай батыр, Желтоқсан көшелері және Таң елді мекеніндегі Орынбай жырау,
А.Мықтыбаев, Мүсірәлі баба көшелерін жарықтандыру жұмыстары жасалатын болады. Өзекті мәселенің бірі табиғи газ отынымен
қамтамасыз ету. Қазіргі таңда Жалағаш кентінде кентішілік газ желісін тарту үшін 3,5 млрд. теңгені құрайтын жоба жүзеге асырылуда. 2019 жылы 1,2 млрд, 2020 жылы 800 млн. теңгенің жұмыстарды атқарылды. Жоспарға сәйкес жобаны толық аяқтауға
1,5 млрд теңге қаржы қаралып, осы жылдың сәуір айында халық игілігіне пайдалануға берілетін болады. Жергілікті бюджеттің есебінен аудан орталығында орналасқан әлеуметтік нысандарды табиғи газ отынына қосу жұмыстары атқарылатын болады. Өткен жылы кенттегі №202 орта мектеп ғимаратын жылу жүйесін
орталықтандырылған газ желісіне қосу жұмыстары толық аяқталды. Жоба құны 11,6 млн. теңге. Сонымен қатар, аудандық бюджеттен 6,5 млн. теңге бөлініп, 5 әлеуметтік нысанға газ желісін тарту үшін жобалық сметалық құжаттары дайындалды. №19 санаториялық, «Күн шуақ», «Ақмаржан» балабақшалары, Аудандық мәдениет үйі, Мәдениет және өнерді дамыту орталығы биылғы жылы газ желісіне қосылатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған