QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ҮШ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНҒАН ҮШЖАҚТЫ ОТЫРЫС

Автор:QAA.kz

Сен 30, 2021

Жұмыс іздеу, орналасу және сұранысқа сай мамандықтарды игеру – бүгінгі күннің маңызды тақырыптарының бірі. Бұл тақырып Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссия үшін де ауқымды. Комиссия құрамының кезекті отырысы өткізіліп, онда үш жақты мәселе қаралды.

Қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридиновтың төрағалығымен өткен жиында Қызылорда қаласындағы еңбек қарымқатынастарының жағдайы және оның алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды. Одан кейін қала бойынша жалақыдан қарызы қалыптасқан ұйымдарға қатысты банкроттық рәсімдері жүргізіліп жатқан мекемелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және мекемелерде қызметкерлердің жұмыспен қамтылуы, еңбек құқықтары мен кепілдіктерін сақтау және өндірістің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы да пысықталды.

Жиында талқыға түскен тақырыпқа орай, комиссия құрамындағылар бірқатар жоспарларды бекітті. Нақтырағы, қала аумағындағы жалақыдан қарызы қалыптасқан мекемелер бойынша құзырлы мекемелермен бірлесіп, мәселені оңтайлы шешу бағытында жұмыстарды жүргізуді, мекемелерден қысқарған қала тұрғындарын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартып, тұрақты жұмысқа орналасуы бойынша қажетті шараларды тұрақты түрде қабылдауды қолға алмақ. Одан кейін жиналыс қатысушылары тарапынан аталған комиссия отырысының жұмысын жандандырып, жиі басқосып, келесі комиссия отырысында орта кәсіптік оқу орындарында қазіргі таңдағы еңбек нарығының сұранысы бойынша қажетті мамандықтарға оқытуды ұйымдастыру мәселесін талқылау негізгі жоспарға бекітілді.

Айдана ӘЛИАРЫСТАН

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *