2021 ж. Сәуір 17

Сауда орталықтарының саны артты

Қызылорда қаласындағы Астана көшесінің бойында «Astana Plaza» атауымен бой көтерген сауда орталығы ашылды. Аталған сауда нысанының ашылуына арналған шараға қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов барып, кәсіпкерлік саласындағы оң өзгерістерге әркез қолдау барын жеткізді.

Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов:

Жаңадан ашылған сауда орны қала жұртшылығы үшін қолайлы болады деген үміттеміз. Сұранысқа ие заттарды біріктіріп, тұтынушыларға ұсынатын орталық жаңа үлгіде салынған. Құтты болсын! Мемлекет басшысы бүгінде біздің алдымызға ұлттық экономиканың жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдауды басты міндеттердің бірі ретінде қойды. «Astana Plaza» сауда орталығының ашылуы салаға көрсетілген қолдаудың бір нәтижесі. Қала кәсіпкерінің бастамаларына әрқашан қолдау бар. Мәселен, Қызылорда қаласында 22 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері белсенді түрде жұмыс істеуде. Осы арқылы 50 мың 344 қызылордалық тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Ерекше үлгімен салынған ғимаратта бірнеше адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпкердің сөзінше алдағы уақытта олардың қатарын 150-ге арттыру да бар. Демек, тұрғындарды тауарлармен ғана емес, жұмыспен де қамтамасыз ететін нысан көптің игілігі үшін қызмет көрсетпек.

– 5 мың 838 шаршы метрді құрайтын ғимарат құрылыс жұмыстарына 700 млн. теңге көлеміндегі қаржы жұмсалды. «Food Market» супермаркеті өз жұмысын бастап, тұрғындарға 25 мыңнан астам азық-түлік және тұрмыстық тауар түрін ұсынуда. Сауда орталығына келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында автотұрақпен де қамтамасыз етілді, – деді кәсіп иесі Бағдат Ибраев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған