2021 ж. Сәуір 14

Сапарбаевтың арнайы экономикалық аймағы

Республикамыздағы «Ащысай түсті металл комбинаты», «Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты», «Шымкент қорғасын заводы» акционерлік қоғамдарының өңдеуші қуаттарын шикізатпен және экологиялық қолайсыз аймақты халқын еңбекпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі «Шалқия
түсті металл кенішін онан әрі игерудің шаралары туралы» қаулы қабылдады. Қазақстан Үкімет облыстың ұсыныс-пікірлерін мұқият қарап, тиісті қолдау жасады. Облыс жұртшылығы бұл
құжаттарды Сыр өңірінің келешегіне мемлекет тарапынан бетбұрыстың алғашқы нышаны деп қабылдады. Еліміз тәуелсіздік алып, Ата заңымыз бен ұлттық рәміздеріміз мемлекеттік мәртебеге
ие болған тұста біздің облысымызда да іргелі өзгерістер болды. Соның бірі және бірегейі «Қызылорда арнайы экономикалық аймағын құру
туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 8 қазандағы №3123 Жарлығымен Қызылорда қаласына «Арнайы экономикалық аймақ» мәртебесінің берілуі мұндағы өнеркәсіп
қуатының жандануына үлкен ықпал жасады. Ұзақ уақыт бойы тоқтап қалған көптеген кәсіпорындар өз жұмыстарын қайта жалғастырды. Жұмыс орындарына 500 адам қайта орналасты. Кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық жағдайы нығая түсті.
1997 жылы қаланың өнеркәсіп мекемелері нақты бағамен 13,7 млрд. теңгенің өнімін өндірді. 1996 жылы Қызылорда АЭА-ғы аумағында
өндірілген өнеркәсіп өнімінің үлесі облыс көрсеткішінің 88,7 пайызын құраса, ол 1997 жылы 89,2 пайызға, 1998 жылдың бірінші жарты жылдығында 90,9 пайызға жетті, бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 0,8 пайызға көп. 1997 жыл ішінде өнім өндіру көлемі – мұнай өндіру 3,0 пайызға, машина жасау мен
металл өңдеу 26,5 пайызға, жеңіл өнеркәсіп 3,4 есеге және тамақ өнеркәсібі 29,1 пайызға ұлғайды. Мұнай өндіру көлемі – 2,7 пайызға,
ауылшаруашылық жаткаларын шығару 17 есеге, ауылшаруашылық машиналарына қосалқы бөлшектер – 4 есеге, қағаз – 2,3 есеге, балмұздақ жасау 42,8 пайызға артты. Қызылорда АЭА-ғын дамыту бағдарламасы бойынша аймақты жедел өркендету бағытындағы шұғыл шаралар жасалды. Бұл үшін Қызылорда АЭА Әкімшілік кеңесінің күшімен қала экономикасын басқару тәсілдеріне өзгерістер
енгізілді. Түрлі меншік түрлеріне жағдайлар жасалды, өзара еңбек
бәс екелес тігін жетілдіру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жаңа
мүмкіндіктерін ашу және жаңа өнеркәсіп орындарын құру қарастырылды. Аймақтағы жекешелендіру мәселесі ұлттық бағдарламаға сәйкес жүргізіліп жатыр деп айтуға негіз бар. 1991 жылдан бері қаладағы жекешелендіруге жататын 428 объектінің 414-і
жекешелендірілді.

1998 жылы жалпы сомасы 75,5 миллион теңге тұратын кіші жекешелендірудің 90 объектісі мен 29 акционерлік қоғамның
мемлекеттік пакеттері сатылды. Сол сияқты сеніп басқаруға он бір акционерлік коғамның мемлекеттік пакеттері сатылды.
1997 жылы меншік түріне қарай өнім өндіретін кәсіпорындардың құрылымы жедел өзгерді. 1996 жылы жалпы өндірілген өнеркәсіп өнімінің 71,7 пайызы мемлекеттік кәсіпорындардың үлесіне тисе, 1997 жылы әр түрлі меншік иелері өнімдерінің үлес салмағы арта түсті. Қызылорда АЭА-ғын дамыту міндетін шешу мақсатында қаланың экономикалық және әлеуметтік даму қорынан «Қызылордакүрішмаш» АҚ-ы жаткалардың ЖРТ-5-02, ЖРТ-5, ЖЗК-10, ЖКУ-5 үлгідегі жаңа түрлерін жетілдіру жәнешығару үшін, «Ай-Дан» ЖШС-і тоқылмайтынматалар фабрикасы өндірісін қалпына келтіру
мен дамыту мақсатында, сондай-ақ нан және нан өнімдері комбинаты, аяқ киім, құс фабрикасы, т.б. кәсіпорындар қаржыландырылды. Нәтижесінде «Айдан-Агро» бидай ұнын шығару өндірісі, «Аңсар» ЖШС-де терезе жалюздерін, «Сыр шарабы» АҚ-да жеміс шарабын әзірлеу, «Яксарт» ЖШС-де пропиленді қап шығару
желілерін іске қосты. Қызылорда арнайы экономикалық аймағын құрғандағы негізгі мақсат – өнеркәсіп және басқа салаларға инвестиция тартуға әрекет жасай отырып, экономикалық басымдылықты қалыптастыру еді. Ол үшін іс жүзіне асыруға тиісті мына мәселелер қарастырылды. Қолда бар табиғи қорларды
тиімді әрі кешенді игеру, аймақтың сыртқа тауар шығару мүмкіншілігін арттыру, сырттан тасымалдау өндірісін дамыту, қаланың өндіргіш күштерін тиімді дамыту, жоғары қуатты өндіріс орындарын құру, өнімнің жаңа түрлерін шығару, инвестициялар
тарту, кәсіпкерлік қызметті жандандыру және қордаланған әлеуметтік-экологиялық қиындықтарды шешу. Міне, сонда ғана
Қызылорда қаласының экономикасы мұнай және газ өндіру, машина жасау, құрылыс кешендері, ағаш дайындау және өңдеу, қатырма қағаз, жеңіл, тамақ және ұн-жарма мен құрама жем өнеркәсіп кәсіпорындарын біріктіретін көп салалы өнеркәсіптік шаруашылық
құрылымдары түрінде жан-жақты сипат алатын Қызылорда АЭА құрылғанға дейінгі ахуалды шолып өтсек, қаланың өнеркәсіп қуатын
арттыруға тиіс көптеген өндіріс орындары тоқтап қалып, бюджетке және жалақыға қарыздары өсті. 1996 жылы қаланың 14 ірі өнеркәсіп орыны тұралаған, олардың ішінде 4-і өз қызметін толық тоқтатып, 10-ы созылмалы үзіліспен жұмыс істеді. 28 кәсіпорынның 11-де өндірістік құлдырауға жол берілді. Бюджетке түсірілмеген салық төлемдерінің қарызы 127,6 млн теңгені немесе барлық салық
төлемдерінің 7,1 пайызын құраған, ал өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшыларға еңбекақы бойынша қарызы 314,9 млн. теңгеге жетті. Арнайы экономикалық аймақ мәртебесінің берілуі мұндағы өнеркәсіп қуатының жандануына үлкен ықпал жасады. Ұзақ уақыт бойы тоқтап қалған көптеген кәсіпорындар өз жұмыстарын қайта
жалғастырды. Жұмыс орындарына 500 адам қайта орналасты. Кәсіпорындардың қаржышаруашылық жағдайы нығая түсті.
Арнайы экономикалық аймақ жағдайында «Темірхан» ЖШС-де болгар жиһазын, «Аңсар» ЖШС-де дербес бу қазандығын құрастыру, «Бабас» ЖШС-де құрылыс материалдарын, «Адолат» және «Бастау и К» ЖШС-де шұжық өнімдерін шығару, «Яксарт» ЖШС-де «РЕТ» үлгісіндегі пластикалық шөлмектермен алкогольсіз сусындар және басқа
өнімнің жаңа түрлерін шығару жолға қойылды. «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың басымдылықтары мен аймақтық бағдарламалары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 7 шілдедегі Жарлығына сәйкес қала әкімінің «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен
қолдау» бағдарламасы жасалынды. 1997 жылы экономикалық және даму қорынан шағын және орта бизнеспен шұғылданушы шаруашылық субъектілеріне жеңілдетілген негізде жалпы сомасы 97,9 млн. теңге бөлінді. «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру
мақсатында Қызылорда АЭА-ның құқықтық жүйесі ерекшеліктерін пайдалана отырып, Қызылорда АЭА-ның Әкімшілік кеңесінің ұйымдастыруымен республикада бірінші рет жеке кәсіпкерлікті
қолдау қоры құрылды. 1997 жылы аталмыш қордан халық тұтынатын тауарлар шығару және ақылы қызмет көрсетумен айналысушыларға 2,5 млн. теңге қаржы босатылды. Арнайы экономикалық аймақ жағдайы бюджетке салық түсіру мен басқа да міндетті төлемдердің ұлғаюына ықпал етті. 1998 жылдың соңында салық төлемдерінің жалпы сомасы 6436,6 млн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 1996 жылы
1951,6 млн теңгені құраған, яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда түсімдердің өсуі 329,7 пайызға өсті. Қаланың жергілікті бюджетінің кіріс бөлігіне 1996 жылы 1630,1 млн теңге қаржы түссе, 1997 жылы 6335,1 млн теңге қаржы түсірілді немесе бюджет өсуі 388,6 пайызға жетті.
Қызылорда облысы бойынша салық жинау бір тұрғынға 1995 жылы 3700 теңгеден, 1997 жылы 11000 теңгеден келсе, ал Қызылорда қаласы
бойынша бір тұрғынға салық жинау, тиісінше 6600 теңгеден- 33000 теңге көлемінде болды. Бюджетке салық қарыздарын өтеу бағытында
тыңғылықты шаралар атқарылды. 1996 жылы бюджетке түсірілуге тиісті қарыздардың жалпы сомасы барлық түсірілген салық төлемдерінің 7,1 пайыз құраса, ол 1997 жылы 4 пайыз болды. Жоғарыдағы бюджет шығындары 1247,8 млн теңгені құрады. Бұл барлық кіріс мөлшерінің 20 пайызы. Бұдан басқа 1997 жылы қала
бюджетіндегі облыстық мекемелер шығынының үлесі 39 пайыз, яғни 2228 млн теңгені құрады. Әрине, қол жеткізілген табыстар тұрғындардың күнкөріс деңгейіне оң әсер ете түсті. Қалалық әкімшілік 1997 жылдың тамыз айында 120 үйдің күнкөріс жағдайына зерттеу жүргізгенде, олардың әр жанға шаққандағы орташа ақшалай
табысы 4636 теңге болғанын анықтады. Ал, бұл көрсеткіш облыста 3681 теңге. Орташа айлық жалақы өткен жылдың есеп беріліп отырған осы кезеңімен салыстырғанда 1,13 есе артып, ол 12881 теңгені құрады. Жалпы бұл облыста 9110 теңге болғанын еске алсақ, арнайы аймақтағы жұмысшы-қызметкерлердің күнкөріс дәрежесінің біршама жоғарылай түскенін көруге болады. Сонымен бірге, Қызылорда қаласының бюджеттегі ұйымдарға зейнетақы, жалақы төлеу жөнінде қарыздары толығымен өтелді. Қызылорда арнайы экономикалық аймағында мұнай өндіру өнеркәсібі тез қарқынмен дами бастады. Әсіресе Ресей, АҚШ, Германия, Канада мемлекеттерінің инвесторлары келіп мұнай мен газ өнеркәсібіне өз қаржыларын
құйды. Солардың бірі 1996 жылы «Оңтүстік мұнайгазды» 120 млн. американ долларына сатып алып, Құмкөл кен орнының оңтүстік
бөлігін бұрғылауға рұқсат алған канадалық «Харрикейн Хайдракорбонс» компаниясы. Осы сауданың нәтижесінде «Харрикейн» Құмкөл кенішінің күніне 40000 баррельден астам мұнай
өндіретін 155 скважинасына, 5500-ден астам қызметкерлері бар еңбек ресурстарына ие болды және мыңдаған адамды жұмыспен қамтамасыз етті. «Оңтүстік мұнайгаз» жалақыға, бюджетке
қарыздардың барлығын өтеді. Компания еңбек ресурстары мен мамандарды оқытуға, жұмысшылардың жағдайын жақсартуға,
ағылшын тілі мен компьютерлік техникаға үйретуге зор мән беріп келеді. Құмкөлдегі қыруар шаруа мұнымен шектеліп қалып жатқан жоқ. Харрикейндіктер облысымыздың әлеуметтік дамуына да үлкен үлес қосып, көлік, құрылыс, медицина, білім беру салаларында да сан
салалы жұмыстар атқаруда. Спортқа қамқорлық, «Арай» балалар лагерін қалпына келтіру, басқа да қайырымдылық шараларына үн қосу канадалық компанияның беделін өсіре түсті. Кеніште соңғы екі жылда мұнай өндіру 45000 баррельден 58000 баррельге дейін ұлғайды. Құмкөл кенішінің солтүстік бөлігінде жұмыс істеп жатқан ресейлік «Құмкөл-Лукойл», біріккен қазақ-американ «Қуат-Амлон-Мұнай», «Қазгермұнай» компаниялары да бізбен сенімді серіктес ретінде, мұнай индустриясын дамытуға мол үлес қосуда.
Қалада базар сандарының өсуі байқалды. Бұл – халықтың нарық экономикасы жағдайына бейімделіп, сауда-саттықпен айналысуға ден қойғанының белгісі. Соңғы уақытта қалада «Жайна», «Отырар», «Ғалия», «Сыр самалы», «Табыс» жабық базарлары ашылып, тұрғындарға сапалы қызметтерін ұсынды. Қаладағы базарлар мен
сауда қатарларының қызметін реттеу және жүйелеу мақсатында қала әкімшілігі біршама жұмыстар атқарды. Қалада жалпы 7500 сауда орны бар, 17 базар мен 13 сауда қатары қызмет жасайды. Бұл
1993-94 жылдармен салыстырғанда 6,5 есе көп. Барлық базарлар мемлекеттік емес меншік түрінің құрылымдары болып табылады. Базарлардың жұмысы облыс әкімі бекіткен «Базар туралы
ереже» негізінде ұйымдастырылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы 256 қаулысының негізінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда Гуманитарлық университеті мен Ы.Жахаев атындағы Қызылорда политехникалық институты бірігіп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып құрылды. Білім беру процесін жақсарту және жетілдіру мақсатында оку орнындағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде қазақ және орыс тілдерінде білім беретін
10 факультет жасақталды.


«Қызылорда» кітабынан
Жалғасы бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған