QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Салық саласындағы сауалдарға жауап берілді

Автор:QAA.kz

Ноя 20, 2020

«Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының сеп болуымен тұрғындар салық саласына бағытталған сауалдарына жауап алды. Онлайн нұсқада ұйымдастырылған кездесу аясында Қызылорда қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Берік Ниеталиев алдымен салық төлеудегі негізгі басымдықтарды атап өтті.

Ағымдағы жылдың он айында Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы біршама жұмыстар атқарылды. Жергілікті бюджет жоспары жақсы көрсеткіштегі пайызбен орындалды. Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда түсім ұлғайды. Яғни, өсу қарқыны бар, — деді Берік Ниеталиев.


Қызылорда қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы эфир арқылы тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Жұртшылықтың мәселесі декларацияға, салық түрлеріне, төлем жасау тәсілдеріне және өзге де сұрақтар турасында өрбіді. Әр тұрғынның сауалын жауапсыз қалдырмаған басшы өз кезегінде мәселелердің орнымен реттелуіне жөн сілтеді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *