QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Сайлауды ұйымдастырушыларға семинар өткізілді

Автор:QAA.kz

Май 23, 2019

21 мамыр күні қалалық әкімдіктің мәжіліс залында бейнебайланыс режимде «2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі сайлау комиссияларының жұмысы туралы» сайлауды ұйымдастырушылар үшін оқыту семинары өткізілді. Оны Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Сәрсенбайұлы жүргізді.

Сайлауды ұйымдастырушылар үшін өткізілген семинарға аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, электораттық оқытудың сертификатталған жаттықтырушылары бейнебайланыс режимінде қосылды. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың, сот, құқық қорғау органдары мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының өкілдері мен шетелдік, жергілікті байқаушылар, яғни барлығы 800 қатысушы семинар кеңес жұмысына келіп қатысты.

Семинарда Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мелдешов сайлау науқанының әрбір кезеңімен, сайлау заңнамасына сәйкес сайлауды ұйымдастырушылардың негізгі өкілеттіктері мен атқаратын міндеттерімен таныстырды. Сонымен қатар, Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Мұрат Делмұханов сайлаушылардың тізімдерін жасау бойынша жүргізілген жұмысына тоқталса, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Алтынгүл Есқараева мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қажетті деген барлық жағдайлардың жасалғандығынан хабардар етті.

– Бүгінде облыста 29878 мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Олардың сайлауға қатысу құқықтарын кедергісіз жүзеге асыру бойынша біз тұрақты түрде мониторинг жасап отырмыз. Қазіргі кезде сайлауға қатысуға құқығы бар мүмкіндігі шектеулі 19034 мың адам, осылардың ішінен 2607 адамға бүгінде сайлау учаскесінде дауыс беруіне мүмкіндігі жасалды. Оның ішінде жүріп-тұруы қиын 1078, арбадағы 459, көру бойынша 712, құлағы нашар еститін 358 адам. Облыс бойынша 366 сайлау учаскесінің 234-і мектептерде, 58-і мәдениет үйлері мен клубтарда, 60-ы әкімшілік ғимараттарында, 14-і ауруханалар мен емханаларда орналастырылған. 366 сайлау учаскесінің барлығы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интерактивті қолжетімді картасын да енгізілген, — деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басшысының орынбасары Алтынгүл Есқараева.

Сондай-ақ, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абайбек Жүнісов сайлауды өткізуге әзірлік барысы мен сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту туралы айтса, ҚР Орталық сайлау комиссиясының бас консультанты Б.Дармузина сайлау комиссиясының кейбір мәселелеріне нақты тоқталып өтті.

Семинардың соңы сайлауға қатысушыларға дауыс беру күні учаскелік комиссиялардың жұмысы туралы Орталық сайлау комиссиясының дайындаған оқыту фильмін көрсетумен және өзара пікір алмасумен аяқталды.

Т.КЕНЖЕБАЕВА

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *