QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Сақтандыру мәртебесінің болғаны жақсы

ByQAA.kz

Қаң 8, 2021

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске асырудың бірінші жылын қорытындыладық. Әрине, бұл елдің денсаулық сақтау жүйесіндегі өте күрделі, бірақ маңызды реформа.

МӘМС жүйесін іске асырудағы өзекті мәселелердің бірі – біздің азаматтарымыздың сақтандырылуы. Қызылорда облысында халықтың 80%-ы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылады, бұл ретте 140 мыңнан астам адам сақтандырылмаған болса, өзін-өзі жұмыспен қамтыған 4,5 мыңнан астам өзектендірілмей отыр.

Қызылорда облысының әкімі барлық тиісті басқармаларға азаматтардың мәртебесін өзектендіруді күшейту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Өңірлік штабтың тұрақты отырыстарының арқасында оң динамика байқалады. Бұл мәселе облыс әкімінің тиісті сала бойынша орынбасарының тұрақты бақылауында. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Өткен жылдың бірінші жартыжылдығында барлық қазақстандықтар МӘМС жүйесінде шартты түрде сақтандырыла отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі қызмет түрлерін есептемегенде және МӘМС аясында да медициналық қызметтерді пайдалана алатын.

Екінші тоқсанда карантин аясында жоспарлы түрде медициналық көмек көрсетуге шектеу қойылды. 1 тамыздан бастап стационарларда жоспарлы медициналық көмек қайта қалпына келтірілді.

Медициналық мекемелерге жүгінген кезде пациенттер МӘМС жүйесінде қызметтерге қол жеткізе алмайтыны анықталған жағдайлар шілде-тамыз айларында жиі кездескен-ді. Бұл мәселе жарналарды мемлекет төлейтін 15 жеңілдік санатына жататын кейбір азаматтарға да қатысты болғанын атап өту қажет. Сақтандыру мәртебесінің болмауының негізгі себебі 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы жәрдемақы алу үшін жеңілдікті санаттар өкілдерінің БЖТ төлеуі болды және олар жеңілдікті алушылар қатарынан түсіп қалды. Сондай-ақ МӘМС жүйесінен жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, төтенше жағдайлар кезеңінде төлемдерінде үзілістер болған жеке практикамен айналысатын адамдар тыс қалды.

Осыған байланысты ҚР Үкіметі МӘМС жүйесіндегі пандемия кезеңінде халықты қолдау және бірнеше бағыттар бойынша жүйеде сақтандыру мәртебесін негізінен ақпараттық жүйелер аясында бірден автоматты түрде беру туралы шешім қабылдады, олар:

– соңғы 3 айда кемінде бір төлемі бар, ал төлемдер бойынша берешегі екі айдан аспайтын жалдамалы қызметкерлер;

– соңғы 3 айда төлеген жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, ал қарыз екі айдан аспағанда;

– жарналарын мемлекет төлейтін тұлғалар, бірақ БЖТ (бірыңғай жиынтық төлем) төлегеннен кейін 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем алу үшін олар өздерінің әлеуметтік мәртебесінен айырылғандар.

Жалпы, Қызылорда облысында 8,5 мың шағын және орта бизнес субъектілері 12 мыңнан астам жалдамалы қызметкерлеріне МӘМС аударымын төлеуден босатылған. Алайда сақтандыру мәртебесін алу үшін, «Saqtandyry» ақпараттық жүйесіне жалдамалы қызметкерлердің деректерін енгізу керек, қазіргі таңда енгізу керек.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған