QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

С.Әбілдаханқызы: Әкім-қараларға публично алғыс айтуды қойған кезде қазақтың санасы бір саты өседі

Автор:QAA.kz

Июл 25, 2019

Танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы әкім-қараларға алғыс айта беруді доғаруды айтты. Ол Facebook парақшасына жазды.

«Өздерінің функционалдық міндетін орындаған, халыққа дұрыс қызмет еткен әкім-қараларға публично алғыс айтуды қойған кезде қазақтың санасы бір саты өседі.
Жеке өзіне алғысты қанша айтсаң да, мархабат.
«Осының арқасы.., бүгін ол осындай жақсылық істеді, ол болмағанда…» деп жаһанға жар салып, ол әкім-қараның дәу портретін жариялау дұрыс емес деп есептеймін.
Олар солай істеуге, халыққа дұрыс қызмет етіп, жақсылық жасауға, алдына барған адамның мәселесін оң шешуге міндетті. Ол солай болуға тиіс. Оның өзі таңдаған жұмысы сол. Өз міндетін атқарғаны үшін алғыс жариялай берудің керегі жоқ».

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *