QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!

ByQAA.kz

Қар 14, 2020

Баршаңызды ұлттық валютамыз теңге күнімен және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Төл теңгеміз 1993 жылдың 15 қарашасында Елбасының Жарлығымен қаржы айналымына енгізіліп, егемен ел тарихында жаңа парақша ашылып, тәуелсіз Қазақстанның дербес қаржы жүйесін құру бастамасы қолға алынды. Тұңғыш Президентіміздің сындарлы, сарабдал саясаты ТМД елдерін қамтыған дағдарыс кезеңінде елімізді тоқыраудан, тығырықтан шығатын жолға бастап, жаңа экономикалық реформаға жетеледі. Байыпты жүргізілген реформаның арқасында төл теңгеміз тұрақты валюта түріне айналып, содан бері отандық экономиканың өркендеуіне белсенді қызмет етіп келеді.

Ұлттық валютамыз – қадамы нық, бағыты мен бағдары айқын, нарықтық экономикаға бет алған еліміздің даму үдерісіне серпін берді. Еліміздің қаржы жүйесін қалыптастырудағы аумалы-төкпелі кезеңдерде қала тайқазанын ұтымды басқарып, бюджетті тиімді игеріп, тәжірибелі, өз ісін шынайы ықыласымен атқаратын қаржы саласы қызметкерлерінің сіңірген зор еңбегін, қосқан мол үлесін атап өткен жөн. Білімді әрі мамандықтың қыр-сырын жетік меңгерген білікті қызметкерлердің тәжірибесі, кәсіби қабілеттері қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін берді. Келешекте де еңбектеріңіз жемісті болып, қаржылық қызметте жаңа белестер мен мол табысқа жетулеріңізге тілектеспін.

Қымбатты қаржыгерлер!

Сіздерді тағы да мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, әулеттеріңізге амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін!

Ізгі ниетпен

Қызылорда қаласының әкімі

Н.Нәлібаев

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған