QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Ресми құжаттарға апостиль қойылады

Автор:QAA.kz

Май 28, 2021

Апостиль – бұл құжаттарды заңдастырудың тәсілі. Апостиль, шет мемлекеттік құжаттарға, басқа мемлекеттік органдарға оларды ұсынғанда заңды күшін береді. Басқаша айтқанда, Қазақстан Республикасынан ресми түрде берілген құжаттың шетмемлекет аймағында заңды күшін беру үшін қолданылады. Нотариалды расталған құжаттың көшірмесінде немесе түпнұскасында мөрабан қойылу арқылы жасалады. Апостильді растау, құжат берілген мемлекетте ғана рәсімделеді, демек, Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары арқылы қазақстандық құжаттарға ғана қойылады.

Апостиль мөртабанын қою рәсімі құжат жіберілетін ел консулдық заңдастыру талабын жойған және заңдастырудың қарапайым рәсімі – апостильдеуді енгізген 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясының қатысушысы болған жағдайда ғана қолданылады. Егер, Сіз құжат дайындап жатқан ел конвенция қатысушысы болмаса, консулдық заңдастыру қажет болады.

Апостиль құжатты ұсынған кез келген тұлғаның сұрау бойынша құжат мәтінінен бос жеріне, екінші бетіне немесе бөлек парақ бетіне қойылады. Мұндай жағдайда құжат парақтары мен апостиль қойылған парақ кез келген түстегі жіппен тігу арқылы бірге бекітіліп, нөмірленеді. Құжаттардың соңғы парағы бекітілген жерінен қалың қағаз «жұлдызшамен» желімделіп, оның үстіне мөр басылады. Мөр таңбасы «жұлдызшаның» үстіне және парақтың бетіне біркелкі орналасуы қажет. Бекітілген парақтар саны апостиль қойған тұлғаның қолымен расталады.

Апостиль қойылған құжат Гаага конвенциясының кез келген қатысушы елінде пайдалануы мүмкін.

Құжаттарды апостилдеу үшін Сізге келесілер қажет: құжат аудармасы, нотариалды расталуы, жеке куәлік көшірмесі. Құжаттар аудармасы және нотариалдық растау қызметтері қолданыстағы тарифтерге сай қосымша ұсынылады.

Сондай-ақ, сот шешімдерін орындау әрі сот тапсырмаларын басқа елге жолдау кезінде, сол елмен Қазақстан арасында ешқандай келісім болмаса, ол ел Гаага конвенциясының қатысушысы болмаған жағдайда соттың құжаттарына апостиль қойылуы қажет.

Қызылорда қаласының

мамандандырылған тергеу

сотының жетекші маманы

Қ.Сақтағанова

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *