2021 ж. Сәуір 14

Рүстемов рас айтады ма?

Әбдіқалықованың әкімдері әлеуетті ме?

Жаңақорған ауданының әкімі Р.Рүстемовтің айтуынша 2021 жылдың бюджеті 19,6 млрд. теңгеге бекітілді. Оның ішінде 13,6 млрд. теңгесі облыстық білім басқармасында.
Жол жөндеу жұмыстары: 26 ауылдық округтің 18 ауылдық округіне жалпы ұзындығы 25,2 шақырым жол асфальтанса, 4 елді мекенге канал тазалау жұмыстары жүргізіледі және 10 елді мекенге шағын спорт алаңы, тренажерлық қондырғылар орнатылады, 3 елді мекенге көше жарығы мен трансформатор алынады. Алдағы жылдары, индустриялды-инновациялық дамудың екінші бесжылдығында ауданда бірнеше инвестициялық жобалардың іске асырылуы жоспарлануда. Соның нәтижесінде үстіміздегі жылы шамамен ауданға 61 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылатын болады. (2020 жылы 26,9 млрд. теңге, ал, 2021 жылдың 1 наурызына нақты көлем индексі 3,4 млрд. теңге, яғни 175 пайызды құрап отыр.) Оның ішінде 4,3 млрд. теңге бюджеттік қаражат көздерінен, 56,7 млрд. теңге жеке қаржы көздерінен жоспарланып отыр. Олар Шалқия кен байыту фабрикасының құрылысы, томат пастасын өндіру жобасы, керамзит, кірпіш және блок шығару жобасы, күн электр станциясы, құс етін өндіретін құс фабрикасының жобалары.
«Шалқия Цинк ЛТД» АҚ-ң жылдық қуаты 4,0 млн тонна кен байыту фабрикасын салу жобасы бойынша ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап кеніштің құрылыс жұмыстары басталады. Жоба құны 230 млрд. теңге, биылғы жылығы қаржысы 47 млрд. теңге. Құрылыс жұмыстарына 500 адам тартылады. Олардың көпшілігі аудан тұрғындарынан құралады. «Қызылорда AGROPlus» ЖШС-нің қуаты жылына 24 мың тонна томат пастасын өндіру жобасы ағымдағы жылы бастамашы ретінде 2 гектар жерге қызынық өсіруді жоспарлап отыр. 2020 жылы жобаның құрылтайшысы «ORBIS KAZAKSTAN» ЖШС болып бекітілді.
«Қуат керамзит» ЖШС-нің керамзит құрылыс материалдарынан кірпіш және блок шығару жобасының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып отыр. Ашылатын жұмыс орны 20 адам. Жобаның жалпы құны 130 млн теңге. Бүгінгі таңда жоба
табиғи газ беру мәселесінің шешілуін күтіп отыр. «Хек КТ» ЖШС күн электр станциясының құрылысы 2021 жылдың сәуір айында толығымен аяқталады. Қуаттылығы 10 МВт. Ашылатын жұмыс орны 4. Жоба құны – 3,7 млрд. теңге. Оның 2,2 млрд. теңгесі өткен жылдың еншісінде. «Абдулла» шаруа қожалығы ағымдағы жылы
жылына 3,5 мың тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл құс фабрикасы облыс халқын тұтынатын құс етінің 33 пайызын беретін болады. Қаралған қаржының барлығы 4
млрд теңге. Оның 2,8 млрд теңгесі «Аграрлық несие корпорациясы»АҚ, 1,2 млрд теңгесі өз қаражаты) Үстіміздегі жылы өнеркәсіп саласы бойынша 280 млн теңгені құрайтын 2 жоба іске асырылатын болады. Жылына 3 млн керамзит блоктарын шығару
жобасы, күніне 50 мың кірпіш шығару жобасы. Ашылатын жұмыс орындары 30. Сонымен бірге, ұзақ мерзімді жоба саналатын
«Майнинг Консалт Ко» ЖШС-нің полиметалл кендерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі тау-кен байыту комбинатын салу жобасы. Жылдық қуаты 1200 тонна кен өндіреді. 1216 адамды жұмыспен қамтитын болады. Жобаның жалпы құны 53,5 млрд. теңге. Бүгінгі таңда жобаны дамыту жұмыстары жүргізілуде. Жобаның іске
асыру уақыты 2022-2039 жылдар. 2021 жылы барлау жұмыстары жүргізіледі.
Биыл аудан кәсіпкерлері түрлі қаржы ұйымдары арқылы 970 млн. теңгенің 302 жобасын қорғап шығады деген жоспар бар. Ауданда ауылшаруашылық саласына келетін болсақ, үстіміздегі жылы 36 мың 108 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда. Өткен жылмен салыстырғанда 768 гектарға (35340) артып отыр. Ал, негізгі дақыл саналатын күріш 1000 гектарға азаюда.
Жаңақорған ауданы облыстағы ауылшарушылығының 15,4 пайызын құрайтын болса, оның ішінде мал шаруашылығы 18,9 пайыз. (ал,уақ малдың үлесі салмағы 47,5 пайыз)Бесарық ауылдық округіне қарасты
«Пазылбек Қажы» шаруа қожалығында «Акватерра гидрогелі» су үнемдегіш жаңа технологиясымен 500 гектарға мақсары, 100 гектарға жаздық бидай дақылдарын егу жоспарланып, қажетті тұқымы сатып
алынып, жер айдау жұмыстары жүргізілуде. Аталған шаруашылық басқаларға үлгі боларлықтай жұмыстар атқаруда.Ауыл шаруашылығы құрылымдарының өз қаржылары және «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы 225,8 млн.тенгеге 19 ауыл шаруашылығы техникасын алу жоспарлануда. (Беларус тракторы 13, Магдон комбаин 2, 4 жүк тиегіш). Яғни, аудандағы ауыл шаруашылығы техникалары 42,7 пайызға жаңаратын болады. (Өткен жылы 39,5 пайызды құраған) Үстіміздегі жылы көктемгі егіс және дала жұмыстарын жүргізу үшін 1,9 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп отыр. Бүгінгі таңда ауданға дизель отынын 2 таратушы-оператор белгіленген. («Нефть Транс Қызылорда» және «ЖаңақорғанОil» ЖШС) 2021 жылы ет (тірі салмақ) 8,3 мың. тн, сүт 13,5 мың. тн, жұмыртқа 2,1 млн. өндіруді жоспарлап отырмыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған