QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

«Әр мұсылманға бұйыртсын»: Роза Әлқожа әкесінің 63 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті

Автор:QAA.kz

Апр 23, 2019

Танымал әнші Роза Әлқожа сезімін білдіріп, отбасының видеосын жариялады.

Роза Әлқожа өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әкесінің 63 жасқа толып, айтулы мерекені атап өткенін жазды. Оған қоса, отбасына деген ықыласы ерекше өнер иесі үлкендердің батасын алып, ата-ананың разылығына бөленудің қаншалықты маңызды екенін жеткізді. Сонымен қатар әкесінің өзіне қаншалықты сенім артатынын да айтуды ұмытпады.

«Атаның разылығынан артық балаға бақыт керек пе?! «Менің жанашырым болып ылғи да қасымнан табылған Розама рахмет айтамын» деген сөзі мен үшін бата, өмір! Зейнет жасына жеткенде дүркіретіп той жасаймыз деп жүр едік, көнбей қойды. Бәрібір жиналып атап өттік. Құттықтап келген өнердегі аға-достарға, туғандарға, нағашыларға, құдаларға рахмет! Ақылдасып, кеңесіп отыратын бауырларыма, келіндеріме рахмет!» — деп жақындарына алғыс жаудырды Роза ханым.

Әрі қарай ол әкесіне ешқашан айтып көрмеген сезімдерін білдірді. Бұл жазбада өнер иесінің асқар тауына деген ыстық ықыласы, шексіз махаббаты мен сыйластығы аңғарылып тұрды. Әке образын әдемі бейнелеген Роза Әлқожа барша жұртқа ата-анасының разылығы бұйыртсын деп тіледі.

«Қаталдығының ар жағында шексіз мейірім жатқан бөлек жаратылыс, маған әке деген сіз сияқты болуы керек сияқты! Ешқашан айтпаппын — мен сізді жақсы көремін! Әбдіразақ Әлқожа — 63 жас. Алла әр мұсылманға ата-анасының разылығын алуға бұйыртсын!» — дейді әнші.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *