QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

«Qosyl» қала тұрғындарын үйде болуға шақырды

Автор:QAA.kz

Май 6, 2020

Халық көп шоғырланатын орындарда «Qosyl» жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 28.04.2020 жылғы №11 қаулысын қала тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шара барысында тұрғындарға, төтенше жағдай — жеңілдетілген режимге ауысса да, індеттің таралу қаупі әлі де бар екендігі және санитарлық нормаларды қатаң сақтап, қала ішінде мақсатсыз жүрмеу керек екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар Қызылорда облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 28.04.2020 жылғы №11 қаулысы мен қатаң сақталу керек санитарлық нормалар көрсетілген 500 жуық таратпа материалдар үйлестіріліп, тұрғындардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берілді. Бұл қауіппен күресудің ең тиімді жолы: ҮЙДЕ БОЛУҒА шақырды.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *