Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында 2 ұсыну және 1 наразылық енгізіліп, нәтижесімен 343 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, 2 жауапты қызметкерлердің тәртіптік жауаптылықтары шешілді. Атап айтқанда «Wipon-Cashback» мобильдік қосымшасы арқылы тіркелген шағымдар бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп,41 кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу саласында жүргізілген талдау нәтижесімен 24 кәсіпкерге 13 млн теңге кепілдік жарналары кері қайтарылмай құқықтары бұзылғаны анықталып, прокурорлық қадағалау актісі негізінде барлық кәсіпкерге толығымен кепілдік жарналары кері қайтарылды. Сондай-ақ 278 жеке кәсіпкерлерге қатысты салықтық бұйрықтарын шығару тәртібі бұзылғаны анықталып,құқықтары қалпына келтірілді. Қала аумағында кәсіпкерлік субьектілердің құқықтарын қорғау бағытында құрылған мобильдік топтың сенім телефондары қамтылған, яғни сыртқы жарнама ретінде билбордтар (5 дана) қаланың орталық көшелеріне (Н.Назарбаев, Қорқыт ата, Журба, Қазыбек би, Яссауи) орналастырылды. Бұл бағытта мобильдік топ жұмыс жасайды және 24-76-95, 8-775-721-45-28 сенім телефондарына кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу деректері бойынша хабарласуға болатынын назарға саламыз.
Қызылорда қаласының прокуратурасы