QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ПРОБЛЕМА БАР…

ByQAA.kz

Қаң 28, 2021

Қызылорда облысының әкімі Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА:
ПРОБЛЕМА БАР…

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қызылорда
облысының әкіміне: – «Гүлшара Наушақызы, халықты баспанамен қамтамасыз ету – өзекті мәселе. Статистикаға қарасақ, былтыр
Қызылорда облысында құрылыс қарқыны 27 пайызға төмендеген. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру 20 пайызға азайған. Бұл
мемлекет бойынша ең төменгі көрсеткіш. Жағдайды түзеу үшін не істеп жатырсыздар? Бұл мәселе бойынша қандай жоспарларыңыз
бар?» – деп сұрақ қойды.


Гүлшара Әбдіхалықова: – «Қазір кезекте тұрған 30 270 адам бар. Оның ішінде «Отбасы банкі» салымшыларының өзі ғана – 8 мың адам. Оның ішінде тек 600 адам ғана бірінші жарнаны төлей алатынын дәлелдеп отыр. Проблемалар бар. Бірақ біз биыл алдымызға жоспар қойдық: 644,7 мың шаршы метр үй беріледі. Оның ішінде бірінші Қызылорда
қаласы және аудандар бойынша арнайы үй салу инфрақұрылымдарын дайындап қойдық. Екіншіден, Үкіметпен бірге қазіргі бағдарламаларға байланысты арендалық және несиелік үйлер бойынша жұмыс істейміз»- деп жауап қайтарды.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған