Маржан Әкімжанова Қазақстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Әкімжанова Маржан Әбдіюсупқызы Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды», — делінген хабарламада.
Осы жылдары Маржан Әкімжанова президенттің баспасөз хатшысының орынбасары болып жұмыс істеді, сондай-ақ мемлекет басшысының баспасөз қызметінің жетекшісі қызметін атқарды және президент хаттамасының кеңесшісі болды.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі басшысының орынбасарларын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
Мемлекет басшысының өкімдерімен Оспанов Ермек Әшімханұлы Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды;
Елемесов Жеңіс Фарахатұлы Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды;
Ұлан Ермұханұлы Раисов Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды», — делінген құжатта.